Кітап шымылдықтың ар жағында жанданады = Книга оживает за ширмой
Бүгін кітапханамыздың акт залында «Қуыршақтар, дәстүрлер және шабыт» жобасы аясында Қостанай облыстық қуыршақ театрының әртістерімен жылы әрі танымдық кездесу өтті.Театр әртістері шымылдық артында жасалатын сиқырлы әлемнің сырын ашып, қуыршақтардың әртүрлі түрлерін (планшеттік, таяқшалы және қолғап қуыршақтар) таныстырды. Сондай-ақ актерлік шеберлік пен кейіпкер бейнесіне ену ерекшеліктері туралы әңгімеледі.Кездесу қызықты әрі интерактивті форматта өтті. №1 мектеп-лицейінің оқушылары шағын қойылымдарды тамашалап қана қоймай, өздерін қуыршақ жүргізушісі ретінде сынап көруге мүмкіндік алды. Іс-шара барлық қатысушыларға шынайы қуаныш, шабыт сыйлап, кітап оқуға және театр өнеріне деген қызығушылықтарын арттырды.Сегодня, в актовом зале нашей библиотеки, состоялась теплая и познавательная встре…


