«Ibray Connect»: ұрпақтарды біріктіретін мұра = «Ibray Connect»: наследие, объединяющее поколения
29 қазанда Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай «Ibray Connect» атты республикалық гибридті өңіраралық сессия өтті.Іс-шараға кітапхана мамандары, ғылыми қауымдастық өкілдері мен студенттер қатысты. Онлайн форматтағы кәсіби диалогқа Ресейдің Орынбор қаласынан келген әріптестер де қосылды.Сессия барысында Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық қызметіне, әдеби мұрасына, оның идеяларын насихаттаудың заманауи тәсілдеріне және тарихи жадыны сақтаудағы кітапханалардың мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.Сессия кәсіби тәжірибе алмасуға, өңіраралық байланыстарды нығайтуға және ұлы ағартушының мұрасына деген ортақ құрмет негізінде әріптестерді біріктіруге мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналды.29 октябр…









