Ғасырлар даналығы: Ясауи мұрасы = Мудрость веков: наследие Яссауи
Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын кеңінен насихаттау аясында жоғары оқу орнының студенттері «Ғасырлар даналығы: Ясауи мұрасы» атты іс-шарада философия мен руханияттың тереңіне бойлап, ерекше танымдық тәжірибе алды.«Қатысушылар үшін орта ғасырлық ой-пікір әлеміне «Тарих» мамандығының 3-курс студенті Үсенов Санжар Ақылбекұлы және 1-курс студенттері Максим Топоров, Досова Дильназ бен Алексеева Анастасия жолбасшы болды.»Студенттер белсенді түрде пікір алмасып, философиялық еңбектерден үзінділерді талдады, күрделі сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ Ұлы дала халықтарының өзіндік санасын ғасырлар бойы қалыптастырған рухани құндылықтарды жаңаша пайымдады.Іс-шара барысында қазіргі заман мен болашақ мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Қожа Ахмет Ясауидің ілімі XXI ғасырда қалай көрініс табады?…







