Атырау облысында алғаш рет «Сармат алтындары» көрмесі өтті
2023-2024 жылдары Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Археологиялық экспедициясы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылы маңындағы жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Қарабау-2 және Қарақұдық 1-2 қорғандарына археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген еді. Зерттеулер нәтижесін таныстыру мақсатында «Сармат алтындары» атты 1 күндік көрме өтті.
Алғашқы сөз алған Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов: Бүгін облысымыздың тарихындағы ерекше күн. Бұған дейін осындай кең көлемде қазба байлық, қорғандар, тарихи мұралар табылған жоқ. Б.з.д. V ғасырға тиесілі қорған Қызылқоға ауданы аумағынынан табылды. 1 қорғанның ішіндегі 9 қабірдің 7-еуі тоналмағандығын ғалымдар дәлелдеп отыр.
Жұмыстың басы-қасында жүріп, ауқымды іс атқарған ғалымдарға зор ризашылығымызды білдіреміз. Әлі де құнды мұраларымызды толықтыратын жақсы нәтижелі жұмыстар жалғаса береді деп ойлаймыз. Оған облыстық әкімшілік тарапынан барлық қолдаулар көрсетіледі. Бұл көрме Атырау өңірінің тарихын одан әрі тереңдете түсетіні сөзсіз. Барша ғалымдарға сәттілік тілеймін!,-деді.
Облыстық тарихи-өлкетану музейінің археологиялық ғылыми-зерттеу бөлімінің аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Марат Хасенов Қарабау-2 қорғанына жүргізілген археологиялық жұмыстарға тоқталып өтті. - Қарабау-2 қорғаны Қарабау ауылынан солтүстікке қарай 10 шақырым қашықтықта орналасқан, диаметрі – 70 м., биіктігі – 3 м. болып табылатын Атырау өңіріндегі «патша» қорғандарының бірі. Қорғанға 2023-2024 жылдар аралығындағы жүргізілген қазба жұмысы нәтижесінде 9 қабір зерттеліп, оның ішінде 7 қабірдің тоналмағандығы анықталды. Қорғандағы 3 қабірді (№1, 2, 3 қабірлер) зерттеу барысында біздің дәуірімізге дейінгі V-ғасырда алтыннан «аң стилімен» және өзге де түрде жасалған әртүрлі әшекей бұйымдар мен заттар, қару-жарақтар, әртүрлі пішіндегі қоладан, керамикадан және сүйектен жасалған ыдыстар табылды. Мұның өзі Қарабау-2 қорғанын тек Атырау өңірінің ғана емес, Қазақстанның ерте көшпелілер дәуіріндегі «сармат көсемдері жерленген» бірегей ескерткіш ретінде тануға жол ашады,-деді М.Сейітжанұлы.
Одан әрі Қарақұдық-1 және Қарақұдық-2 қорғандарындағы археологиялық зерттеу жұмыстарының мән-жайы туралы музейдің археология бөлімінің меңгерушісі, жас ғалым Саламат Базарбаев айтты. - Музейдің Қарабау ауылынан солтүстік-батысқа қарай 9,7 км жерде орналасқан. Қарақұдық-1 қорғанының диаметрі 38 м., биіктігі 1,8 м., Қарақұдық-2 қорғанының диаметрі 37 м., биіктігі 1,4 м. Осы аталған екі қорғанды зерттеу барысында қабірлерден күміс пиктограмма (ақбөкеннің, қасқырдың суреттері), алтын зергерлік бұйымдар, керамикалық ыдыстар, әртүрлі тұрмыстық заттар, ағаш пен керамикалық ыдыстар, қола қазандар, темір және қоладан жасалған қару-жарақ (акинак, қылыш, жебе ұштары, найза бөлігі) табылды,-деді ол.
Көрмеге қойылған археологиялық олжалар Атырау өңірін ерте кезеңдерде мекендеген сармат тайпаларының өркениетінің деңгейін, оның ішінде көшпелілердің қөлөнерінің, әскери өнері мен діни рәсімдерінің жоғары дәрежеде дамығандығын көрсетті.
Автор - Еркеназ Қалижан

Известная цитата из Антуана де Сент-Экзюпери «Мы в ответе за тех, кого приручили», по мнению журналистов, относится в первую очередь к акимам регионов. Наше во многом ещё патерналистское общество избегает личной ответственности за происходящее, полагаюсь на власти практически во всем.
Журналистердің пікірінше, Антуан де Сент-Экзюперидің «Біз өзіміз бағындырғандарымыз үшін жауаптымыз» деген атақты сөзі ең алдымен облыс әкімдеріне қатысты. Біздің негізінен патерналистік қоғам болып жатқан жағдайға жеке жауапкершіліктен жалтарып, барлығына дерлік билікке сенеді.
Труд освобождает нас от трёх великих зол: скуки, порока и нужды, считал Вольтер. В этом году в Атырауской области было открыто около 4449 тысяч рабочих мест, 22 тыс. из них - постоянные. 
Жұмыс бізді үш үлкен зұлымдықтан босатады: зерігу, жамандық және мұқтаждық, деп есептеді Вольтер. Биыл Атырау облысында 4449 мыңға жуық жұмыс орны ашылса, оның 22 мыңы тұрақты.
Атырау облысында халықты 100 % сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында мақсатты түрде алға жылжу жалғасуда. Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша бұл межеге 2025 жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей жету керек. Бүгінде облыс тұрғындарының 99,8 пайызы таза ауыз сумен қамтамасыз етілген. Бұл мақсатқа облыста 34,1 млрд теңге бөлінді.
Атырауская область продолжает целенаправленно двигаться к 100% обеспеченности населения качественной питьевой водой. По решению президента РК этот рубеж должен быть достигнут не позднее 31 декабря 2025 года. Сегодня 99,8% населения региона обеспечено чистой питьевой водой. 

Мықты индустриалды базасы бар, болашақта құрылатын инновациялық кәсіпорындары бар өңірге жоғары білікті, жақсырақ жергілікті мамандар қажет. Ал олардың дайындығы мектептен басталады.