Қазақстандағы №1 бухгалтерлік компания иесі болғым келеді
Бухгалтер — экономика және қаржы саласындағы ең сұранысқа ие мамандық. Кез-келген, тіпті шағын компанияда бухгалтер қызметі бар. Ол қызметкерлердің жалақысын, салықтық төлемдерді, тауар бағасын анықтап, тапсырыс берушілер мен орындаушылар арасындағы есепті жүргізеді.Штатында бірнеше мамандарға дейін ұстай алатын компанияларда әр бухгалтер тек белгілі бір сала бойынша жұмыс істейді. Бірі — касса мен жалақы төлеміне, екіншісі валюта операцияларына, үшіншісі басқа қызмет түрлеріне жауап береді. Иә, бізге сыртынан тек қана есепке жауапты маман болып көрінгенімен, осы салының өзіндік қыр-сыры бар екені жасырын емес.Қазақстанда бухгалтер әйелдер мамандығы деп есептеледі. «Моя зарплата» порталының мәліметінше, бұл мамандық өкілдерінің 83%-ы — нәзік жандылар. Бірақ ер адамдардың жалақысы әріптест…

