Urban Forum Kazakhstan қоры "Шеврон" серіктестігімен Tabiğat Labs пилоттық жобасын қорытындылады
Tabiğat Labs пилоттық жобасын 2023 жылдың маусым-қазан айлары аралығында Urban Forum Kazakhstan қоры "Шеврон" компаниясымен серіктестікте іске асырған болатын.Жақында Алматыда Tabiğat Labs пилоттық жобасының қорытындысы көпшілікке таныстырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба Алматы, Атырау және Астанадан бірнеше тәуелсіз ұйымдар мен бастамаларды біріктіріпті. Tabiğat Labs-тың басты басымдығы – экологиялық сын-қатерлерді ескере отырып, қазақстандық қалаларды дамытуға, қалалық биоалуантүрлілікті сақтауға және тұрғындарды климаттық күн тәртібіне тартуға бағытталған жобаны жүзеге асырды.Алматының Бас ботаникалық бағы негізінде "Жасыл рейнджер" жобасы эковолонтерлерді қалалық ағаштардың ауруларын диагностикалауға және емдеуге үйретті, ал Book Kultura бастамасы қалдықтарды азайту және жауап…

