Мазмұнға өту
Обложка сообщества Атырау облысы

130 ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау бойынша тиісті жұмыстар атқарылған.

Осы тұста, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша 2024 жылдың І жартыжылдығында бақылау іс-шараларының нәтижесінде 411 заңнама бұзушылығы анықталып, тиісті шаралар қабылданған.

Бұл орайда 130 қатардағы мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қорғалып, 34 қызметкердің әлеуметтік-еңбек құқықтары қалпына келтірілген екен.

Аталған мәселелерді Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ерлан Ермаханбетов атап өтіп, облыстағы мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының бұзылмауы, әлеуметтік құқықтары мен заңнамамен кепілдік берілген төлемақыларының сақталуына үнемі бақылау жүргізілетініне тоқталды.

Мәселен, Департаменттің бастамашылдық жұмыстарының нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің қызметтік қажеттіліктерге байланысты іссапарларының тиісті төлемдерінің жүргізілмеу фактісі тіркеліп,
енгізілген ұсыныс негізінде 1,4 миллион теңге іс-сапар шығындары төленіп берілген.

Сол секілді, негізсіз шығарылған 7 актінің күштері жойылса, 200 000 теңгеге жуық ақша бюджетке кері қайтарылған.

Бұған қоса, келісімсіз мереке күндері және демалыстар беру міндеттері көзделместен жұмысқа тартылған 34 қызметкерге заңнамада көзделген ақы төленетін 1021 демалыс сағаттары беріліп, 6 қызметкердің еңбек жағдайлары қалпына келтірілгені белгілі болды.

Сонымен қатар, анықталған аудандық деңгейдегі 3 қызметкерге еңбекақылары толық мөлшерде жүргізілмеу дерегі бойынша қызметкерлерге лауазымдық жалақылары қайтадан есептеліп, бірнеше ай бойы төменгі мөлшерде жүргізілген ақы айырмалары өтеліп берілген.

Атап өтетін жайт, мемлекеттік қызметке іріктеу және қабылдау процесін толық цифрландыруды көздейтін, барлық конкурстық рәсімнің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ететін «Е-қызмет» жүйесінің сыртқы порталы іске қосылған. Оны қазір барлық мемлекеттік органға ендіру жұмыстары басталған екен.

Ерлан Ермаханбетов: «Осы мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа автоматтандырылған жүйесі әрбір азаматқа конкурстың барлық кезеңіне онлайн қатысуға мүмкіндік беріп, адами факторларды азайтады, сондай-ақ анонимдікті қамтамасыз ету, мүдделер қақтығысын болдырмау үшін жасақталған. Осыған байланысты іріктеу процесіне деген сенім мен конкурсқа қатысуға ниет білдірушілердің саны артады» - деп өтті.

Бұған қоса, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік грант бойынша оқу орындарын жоғары көрсеткішпен бітірген түлектерге аудандық және ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындау мүмкіндігін жасалған.

Бұл мемлекеттік қызметке білікті жас мамандарды тартуға және жергілікті жерлерде кадр тапшылығын төмендетуге ықпал етеді деп санайды Департамент басшысы.

Бүгінгі таңда ауылдық және аудандық деңгейдегі түрлі лауазымдарға конкурссыз тағайындалып, ілгерілеген түлектер қызмет атқаруда екен.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері

агенттігінің Атырау облысы департаменті

0
0
160

Осы тақырып бойынша

130 ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛДЫ - Yvision.kz