Мазмұнға өту
Обложка сообщества Самообразование

№200 мектеп-гимназиясында жол ережесін танып- білуге қатысты іс-шара өтті

Соңғы жылдары елімізде балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары жиіліп кетті. Бір Алматының өзінде осы жылдың соңғы 7 айында балалардың қатысуымен 381 жол апаты тіркелген. Соның салдарынан 384 бала зардап шекті. Ал бес бала қаза тапқан. Мұндай қорқынышты статистиканы Алматы Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек хабарлаған.

Оқушылардың көлік астына түсуіне жол ережесін білмеуі басты себеп. Орны толмас оқиғаларды алдын алу үшін осы күндері еліміздегі әр мектепте жол қауіпсіздігіне байланысты сынып сағаттары ұйымдастырылып отыр. Бұл тұста Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы №200-ші мектеп -гимназиясында өткізілген тәрбиелік сынып-сағаты жүздеген баланың жол ережесін танып- білуіне септігін тигізді. Мектеп директоры Айнұр Нұрымқызының әріптестері 4 сынып оқушыларын жинап, жолда жүруге байланысты " Жол ережесін білейік - аман-есен жүрейік"- деген тақырыбында ашық тәрбие сағатын, жаңа форматта ұйымдастырылды.

Тәрбиелік шара барысында балалар жол ережесін сақтамаудың салдары неге әкеп соқтыратынын арнайы қойылым арқылы суреттеуге тырысты. Сонымен қатар Наурызбай ауданының ІІД мамандары жаяу жүргіншілердің жолда жүру ережелері қандай – деген сауалға жауап беріп, қауіпсіздік мәселесіне қатысты мысылдарды оқушыларды қатыстыру арқылы түсіндіріп берді.

Сонымен қатар әрбір ата-ана баласының жолдан өтерде абай болуын, жол жүру ережесін сақтауын айып отырғаны абзал. . Ең бастысы бұған әрбір ата-ана өздері де үлгі болуы тиіс. Өйткені бала ата-анасынан көргенін істейді. Ал көлік ішінде балалар болған жағдайда, жылдамдықты асырмай жүруді де назардан шығармаған жөн. Бастысы жол жүру ережелерін баланың бойына кішкентайынан сіңірсек, орны толмас жағдайлар да біршама азаяр ма еді?!

#АйнұрНұрымқызы

#200мектепгимназиясы

0
0
219