Мазмұнға өту
Обложка сообщества Ұлытау облысы

99,6% – Ұлытау облысы Ұлттық ауыл шаруашылығы санағында ҮЗДІК КӨРСЕТКІШКЕ ИЕ!

Бүгін Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын сапалы өткізу мақсатында өңірлік комиссия отырысы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Ә.С. Шәуенова қатысты.Комиссия отырысында облыстағы санақ жұмыстарының барысы баяндалды.

Ә.С. Шәуенова өз сөзінде: "Өңір онлайн форматтағы қамту бойынша жоғары деңгей көрсетті – ұйымдастырылған шаруашылықтар арасында 99,6%, ал жеке және қосалқы шаруашылықтар арасында 48,2%. Бұл республика бойынша ең үздік көрсеткіштердің бірі," – деп атап өтті.

Санақ жұмыстарының тиімді жүргізілуі үшін облыс әкімдігі тарапынан бірқатар қолдау шаралары іске асырылуда:• ауылдық округ әкімдіктерінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жасақталып, интернетке қосылған компьютерлер қойылды;• тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында билбордтар, баннерлер, әлеуметтік желілерде бейнероликтер мен жазбалар жарияланды;• қала және аудан әкімдіктері елді мекендерді аралау үшін автокөліктермен қамтамасыз етті;• кейбір аудандарда демеушілердің қолдауымен интервьюерлерге қосымша еңбекақы төленді;• Жезқазған қаласы бойынша интервьюерлерге тегін жол жүруге мүмкіндік беретін құжаттар дайындалды;• әкімдіктер тарапынан қосымша жұмыс күші тартылды;• елді мекендердің картографиялық материалдары дайындалып, бекітілді.Айта кету керек, жеке қосалқы шаруашылықтар бойынша Жезқазған, Сәтбаев қалалары және Ұлытау ауданы толық аяқталды. Бұл көрсеткіш өңірдің санақты ұйымдастырудағы жоғары деңгейін айқындайды.

0
0
405

Осы тақырып бойынша

99,6% – Ұлытау облысы Ұлттық ауыл шаруашылығы санағында ҮЗДІК КӨРСЕТКІШКЕ ИЕ! - Yvision.kz