Мазмұнға өту
Обложка сообщества Образование

«Алтын Орда қазақ мемлекеттілігінің бастауы»

Ел президенті Қ.Тоқаев 1269 жылы Талас құрылтайында дербестігі толық мойындалған Алтын Орда (Жошы ұлысы, Ұлық ұлыс) империясының 750 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы мәлімдеген болатын. Бұл идея негізінен Жошының ұлдары Бату хан негізін қалап, Берке хан іргесін бекіткен Алтын Орда Мөңке Темірдің билігі тұсында көтерілген еді. 1269 жылы Талас өзенінің бойына шақырылған Шыңғыс ұрпақтарының құрылтайында бір-бірімен татулықты сақтай отырып, әр хан өз ұлыстарында тәуелсіз саясат жүргізуге өзара мәміле жасасып, өз алдына дербес империя болуға қол жеткізген болатын. Осындай шешім ған болашаққа тура қарауға мүмкіндік беретін еді. Қазіргіміз бен өткеніміздің сабақтастығы да сонда шығар, елдік идеясы, егемендік идеясы сол кезеңде де қазір де өзінің шешімін күтетіні, өзекті болатыны жайлы осы кездесуді ашқан т.ғ.к., ассоц. профессор Булгауов Шотбек Тұрсынбекұлы айта отырып, Шыңғыс ханның үлкен баласы Жошының өзге балаларға қарағанда ерекше бір қасиетін де айта кетті.

Жошы өз жерін қорғау үшін тіптен әкесіне де қарсы келген болатын, ол қайткенде «жаулау» керек, қарсылықты «аямай басу» керек, күш көрсету, қыру-жою... керек деген сөзіне ол... ол елді, жерді өртеп жіберсем, қырып жіберсем, сонда кімді басқарамын деген болатын. Осы аталған шараның мемлекеттік деңгейде атап өтілуі қажет екенін Тоқаев «Біз Алтын Орда негізін қалаушы Жошы ханға міндетті түрде құрмет көрсетуіміз керек. Аса маңызды миссия: бүкіл әлемнің назарын осындай тарихи тұлғаға аудару және оның кесенесін мәдени туризм нысанына айналдыру» қажеттігін айтты – дей келе кафедраның меңгерушісі, п.ғ.к., ассоц. профессор Бейсенбаева Айгуль Калтаевна Алтын Орданың кейінгі кезеңге тигізген ықпалы жайлы айтып өтті. Сол кезеңнен қазірге дейінгі мәдени, экономикалық, саяси және басқа да салалардың сабақтастығы,өзара байланысы жалғасып келгенін айтты. Мемлекеттілік, елдік және тұтастық пен бірлік идеяларының өшпес тұстарына тоқталды. Айта кету керек, осы дөңгелек столға қатысқан студенттердің қатысуы ерекше ұйымдасқан түрде өтті. Мұнда студенттер өздерінің ойын төрт топқа бөле отырып, сонымен қатар өз көзқарастарын - Бірінші: Алтын Орданың қалыптасуы, Екінші: Орданың гүлденуі және үшіншіден Алтын Орда мемлекетінің ыдырау жайлы пікір алмасты. Төртіншіден Моңғол хандрының ұлыс билігі үшін болан талас-тартыстарын жеке топ ортаға салды. Қатысқан оқытушылар мен студенттер арасында қызу талас-тартыс, өз ойын ашық айту болғанын айту керек. Кездесу басты мақсатына жетті.

Қатысан профессорлық-оқытушылық құрамы және студенттер: Кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., ассоц. профессор Бейсенбаева А.К.; Акбаева А.Н. ф.ғ.к., ассоц. профессор; Булгауов Ш.Т. т.ғ.к. ассоц. профессор; Мухабаев Н.Ж. аға оқытушы; Маханбетжанова А.Т. аға оқытушы; Богачева М.А. аға оқытушы; Абдуразакова Г.А. аға оқытушы; Акмусава М.И. аға оқытушы.

.

1
0
1940

Осы тақырып бойынша

«Алтын Орда қазақ мемлекеттілігінің бастауы» - Yvision.kz