Бестөбе кентінде заманауи спорт кешенінің құрылысы жоспарға сай қарқынды түрде жалғасуда
Қазіргі таңда нысанның қасбеті толық қапталып, ғимараттың сыртқы келбеті заманауи талаптарға сай қалыптастырылды. Кешен аумағы толық жарықтандырылып, кешкі уақытта қауіпсіз әрі қолайлы орта қамтамасыз етілді.

Әкімшілік блоктың ішкі әрлеу жұмыстары толығымен аяқталды. Қазіргі уақытта ішкі электр желілерін оңтайландыру, жабдықтарды орналастыруға дайындау жұмыстары жүргізілуде. Бұл нысанның үздіксіз және қауіпсіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Сонымен қатар спорттық залда еден төсенішін төсеу жұмыстары жалғасуда, бүгінгі таңда аталған жұмыстардың 40 пайызы орындалды. Алдағы уақытта инженерлік желілерді аяқтау, спорттық құрал-жабдықтарды орнату және абаттандыру жұмыстары жоспарланған.
Аталған спорт кешені пайдалануға берілгеннен кейін Бестөбе кенті тұрғындары үшін салауатты өмір салтын ұстануға, түрлі спорттық іс-шаралар мен жарыстар өткізуге қолайлы жағдай жасайтын маңызды әлеуметтік нысан болмақ.
