«Болмаған балалық шақ» қойылымына бардыңыз ба?
Белгілі ақын Ақберен Елгезектің жиырма бірінші ғасырдың үздік прозалары қатарына енген туындысы Ғ. Мүсірепов балалар мен жасөспірімдер театрының репертуарын толықтырды.
"Болмаған балалық шақ" қойылымы автор балалық шағына сапар шектіретін шығарма шынайылықпен, өмірде болған оқиға желісіне негізделіп жазылған.

Әрбір адамның өмірінде балалық шақ ерекше маңызға ие.

Суреттер интернеттен алынды. Екі түрлі состав.

Менің ойымша, режесер Фархад Молдағалиевтің кез келген жобасы ешкімге ұқсамайтындығымен ерекшеленеді. Фархад қойылым дүниеге келместен бұрын автор мен шығармашылық ұжым арасында кездесу жасаған екен.

Спектакльдың прьемерасында көрермен залында ине шаншар орын болмады. Әрине, кез келген қойылымы аншлагпен өтетін театрға бұл таңсық емес. Дегенмен, бұл жолғы атмосфера ерекше болды. Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының фойесінде жазушының кітаптары мен түрлі ашық хаттардан тұратын кішігірім жәрмеңке ұйымдастырылды.
P.S. Балалық шаққа саяхат жасағыңыз келсе, жүрегіңіздегі кірден арылғыңыз келсе, осы қойылымға міндетті түрде барыңыз, көрермен дер едім.


