Мазмұнға өту
Обложка сообщества Cybersport Qaz

Ең бай киберспортшылар

Жыл сайын киберспорттық турнирлердегі жүлде қорлары өз рекордтарын жаңғыртуда. Әлемдік аренада бір рет жеңіске жеткен команданың әрбір мүшесі бір турнирде-ақ долларлы миллионер мүмкін. Былтырғы жылы Team Spirt Ресей командасы Dota 2 пәні бойынша The International 10-да жеңіске жетіп, $18,2 млн алды. Алайда, ойыншылар әлемдік турнирлерде тапқан табыстары бойынша ондық топқа кіре алмады. Міне, киберспорт саласында қаншалықты ірі көлемде қаржы айналымда.

Қызықты дерек. Басқа салалармен салыстырғанда Dota 2 –нің жүлделік қоры кез келген турнирлерде қалғандарынан әлдеқайда ірі болғандықтан ондаған ең бай кибератлеттер Dota 2 ойыншылары арасынан ерекшеленіп тұр,

Ал, кеттік!

1.Йохан «Notail» Сундштайн $ 7,18 млн.

Даниялық кәсіпқой киберспортшы, Dota 2-де ойыншы, «The International» -дың екі мәрте чемпионы және «The Major» төрт беделді турнирлерінің жеңімпазы

2. Ессе «JerAx» Вайникка $ 6,47 млн.

Финляндияда туылған кәсіпқой ойыншы, сондай-ақ «The International» және «The Major» турнирлерінің екі мәрте жеңімпазы.

3. Анатан «ана» Фам $ 6 млн.

OG құрамында «The International» 2018 және 2019 ж. Чемпионы.Жүлделі табыстарының сомасы бойынша тарихтағы үшінщі киберспортшы

4. Себастьян «Ceb» Дебс $5,77 млн.

2018 және 2019 жылдары International-да жеңіске жеткен команданың мүшесі болды, сонымен қатар Dota Major Championship төрт чемпионатын жеңген команданың бұрынғы бапкері

5. Топиас «Topson» Таавитсайнен $5,69 млн.

OG құрамында The International-дың екі мәрте чемпионы. Жүлделі табыстарының сомасы бойынша тарихтағы бесінщі киберспортшы

Ойнағыларыңыз келді ме?

0
0
271

Осы тақырып бойынша

Ең бай киберспортшылар - Yvision.kz