Мазмұнға өту
Обложка сообщества Футбол KZ

ЕУРО-2024: Футболдан Қазақстан құрамасы Финляндияны сенсациялық түрде жеңді

Қазақстан құрамасы футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінің 8-ші туры аясында сырт алаңда Финляндия құрамасын ұтты.

Хельсинкиде өткен Н тобындағы ойын 2:1 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. Алаң иелерінің голын Роберт Тейлор (28-минут) соқты, Бахтиёр Зайнутдинов қонақтар сапында дубль жасады (77 пенальтиден, 90).

Зайнутдиновтың дубль соғуы оған 14 голмен Қазақстан футбол құрамасының бүкіл тарихындағы үздік сұрмергендерінің тізімінде бірінші орынға шығуға мүмкіндік берді. Қазақстан құрамасы да өз тарихында алғаш рет Финляндияны жеңгенін айта кетейік.

Осы жеңістің арқасында Қазақстан құрамасы 15 ұпай жинап, финдерді (12 ұпай) басып озып, топта үшінші орынға көтерілді. Сондай-ақ топта Словения (16), Дания (16), Солтүстік Ирландия (6) және Сан-Марино (0) командалары бар.

Енді Қазақстан құрамасы тағы екі маңызды кездесу өткізуі керек: 17 қарашада – Сан-Мариномен, 21 қарашада – Словениямен.

0
0
272
Баннер сообщества Футбол KZ

Осы тақырып бойынша

ЕУРО-2024: Футболдан Қазақстан құрамасы Финляндияны сенсациялық түрде жеңді - Yvision.kz