Мазмұнға өту
Обложка сообщества Футбол KZ

Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі ең өрескел команда атанды

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) ресми сайты қыркүйек айындағы матчтардың қорытындысы бойынша ұлттық құраманың ереже бұзғаны туралы статистиканы ұсынды

«Басты құқық бұзушы Қазақстан құрамасы болды.Магомед Адиевтің командасы алты ойында 92 ереже бұзып, бұл көрсеткіш бойынша абсолютті көшбасшы атанды.Қазақстандық футболшылардың 17 сары және бір қызыл карточкасы бар

Ең жақын қуғыншылар – Люксембург (82 фол, 17 сары), Лихтенштейн (74 фол, 10 сары) және Исландия (74 фол, 15 сары және 2 қызыл) командалары

Еуро-2024 іріктеуінде Қазақстан құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов басты құқық бұзушы болды - алты кездесуде ол 15 рет ереже бұзды және бұл көрсеткіш бойынша Люксембург құрамасының жартылай қорғаушысы Данел Синанимен бірінші орынды бөліседі»

0
0
365
Баннер сообщества Футбол KZ

Осы тақырып бойынша

Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі ең өрескел команда атанды - Yvision.kz