Футболдан Қазақстан құрамасының матчтары бейтарап аумақта өтеді
Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) баспасөз қызметі әйелдер ұлттық құрамасының УЕФА Ұлттар лигасындағы алдағы матчтары туралы мәлімдеме жасады.

«УЕФА Әйелдер арасындағы Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі Қазақстан – Израиль (23 қараша) және Израиль – Қазақстан (26 қараша) матчтары бейтарап аумақта өтеді.
Қазір Қазақстан футбол федерациясы УЕФА-мен бірлесіп, кездесу өтетін орынды анықтау бойынша келіссөздер жүргізуде. Ойындардың өтетін орны туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады», - делінген хабарламада.

