Халық банк демеушілігімен "Азия дауысы" қайта жанданды
Алматыда «Медеу» биік тау мұз айдынында 19 жылдық үзілістен кейін «Азия дауысы» халықаралық заманауи музыка фестивалі қайта өтті.

Шараның ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов қатысып, «Азия дауысы» бұдан былай жыл сайынғы фестивальге айналып, келесі жылдан бастап дәстүрлі түрде – халықаралық ән байқауымен өтетінін айтты.
«Мен Halyk Bank басшылығына және Үміт Шаяхметоваға фестивальдің бас серіктесі және бірлескен ұйымдастырушысы болғаны үшін алғыс айтамын. Осындай қолдауы бар іс-шара жоғары деңгейде өтетініне сенімдіміз.Жақын болашақта «Азия дауысы» Қазақстанда ғана емес, бүкіл аймақта, тіпті әлемде айтулы құбылысқа айналатынына сенімдімін»,- деп фестивальдің бас продюсері Арманжан Байтасов өз ойымен бөлісті.

Halyk Bank түсіндіргендей, фестивальдің қайта жандануын қолдау туралы шешім кездейсоқ қабылданған жоқ. 2023 жылы Halyk өзінің жүзінші туған күнін атап өтуге дайындалып жатыр және осы оқиғаның құрметіне «100 игі іс» ауқымды акциясын өткізеді, оның шеңберінде бүкіл ел бойынша әлеуметтік жобалар мен қоғамдық маңызды бастамаларды іске асырады.

Фестивальде бірінші болып «Жас қанат 2023» жас орындаушылар байқауының жеңімпаздары өнер көрсетті. Аренадағы буын сабақтастығы керемет, Байғали Серкебаевтың «Джулия» мюзиклінен үзіндінің тұсаукесері кезінде «А-studio» тобының әндері шырқалып, көрермен әлемдік хиттерді еске алды. Сондай-ақ «Азия дауысы» фестивалінің қандай болғанын білмейтін жас көрермендер үшін арнайы жасалған блок болды.

"Азия дауысын" сағына кұткен тыңдармандар белгілі режиссер, сценарист және продюсер Фархад Шәріпов түсіріп жатқан «Махаббат солдаты» фильм-мюзиклінің түсіріліміне қатысу мүмкіндігіне ие болды. Олар сахнада қосымша рөлдерді сомдады. Финалда жұлдыз жанкүйерлерге толы үлкен аренаға кіреді. Көрермендер рахаттана ойнады, шамдарды жарқыратып, фильмге қажеттінің барлығын жасады. Осылайша қайта жаңғырған «Азия дауысы» фестивалінің алғашқы күні тарихта ғана емес, кино таспаларынан даорын алды.

Ал бүгін «Азия Дауысы» сахнасында атақты BLACK EYED PEAS тобы өнер көрсетеді! Ертең, фестивальдің соңғы күнінде біз аңыздарды еске аламыз. Secret Service пен ЯЛЛА тобы, қазақстандық эстрада жұлдыздарының шоуы, сондай-ақ керемет отшашу болады.
Фестиваль демеушілік пен ақпараттық қолдаудың арқасында мүмкін болғанын еске саламыз! «Азия дауысы – 2023» фестивалінің бас серіктесі және тең ұйымдастырушысы – Halyk Bank.

Оның сыйлықтары күн сайын Медеудегі іс-шаралар кезінде ойнатылады және оған барлығы қатыса алады!
30 шілдеде өтетін концертке билет сатып алғандар фестивальдің тағы бір демеушісі – Allur Auto ұсынған Chevrolet Onix автокөлігін ұтып алу мүмкіндігіне ие болды.
Ресми телеарна: Silk Way
Ресми газеттер: «Almaty aqshamy» мен «Вечерний Алматы»
Ақпараттық қолдау: «1 канал «Евразия», «НТК», MUZZONE TV, Business FM, RadioCitу, «Деловой Казахстан», «Қала мен дала», «Новое поколение»,«Московский комсомолец», Forbes.kz, Zakon.kz, Caravan.kz, Kursiv.media, Nege.kz, Arbat.media, Informburo.kz, Baigenews.kz, Zhatpa.kz, Weproject.media, DALA INSIDEтелеграмы, Түркітілдес журналистер қоры мен «Қазақстандық пресс-клуб».
#Азиядауысы
#Халықбанк
#HalykBank
