Идеология мәселелері туралы

Достық үйінде «Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында сөйлеген сөзі қоғамдағы идеологиялық жұмыс бағдарламасы ретінде» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараны «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен Қазақстан халық партиясының Солтүстік Қазақстан филиалы ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелге Қазақстан халық партиясы облыстық филиалының, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының құрылымдық бөлімшелері мен этномәдени бірлестіктердің, Ардагерлер кеңесінің, білім беру мекемелерінің өкілдері, Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері, сондай-ақ қоғам қайраткерлері, БАҚ, жастар қатысты.
Дөңгелек үстел модераторы – Петропавл қалалық мәслихатының депутаты Б.Т. Қожахметов кездесудің мақсаты әрбір азаматтың белсенділігі мен сындарлы жеке қатысуы маңызды болып табылатын дүниетанымды, рухани-адамгершілік құндылықтарды, идеологияны жаңғыртудың болып жатқан процестерінің маңыздылығын талқылау екенін атап өтті.
«Urpaq» қазақ мәдени-ағартушылық орталығы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры, Қазақстан халық партиясы Облыстық филиалы кеңесінің мүшесі Г.Н. Мұсабаева Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында айтқан негізгі идеологиялық аспектілеріне тоқталды.
Рухани-адамгершілік тәрбиенің рөлі туралы «Қазақ тілі» халықаралық қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы Ж.Қ. Мұхамеджанов сөйледі. Оның ойын «Солтүстік Қазақстан облыстық әзірбайжан мәдениеті орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ч.Г. Курбанов қолдады.
Басқа қатысушылар қазақстандық қоғамды дамытудың, «Біз әртүрліміз, бірақ теңбіз» қағидаты негізінде әділетті Қазақстанды құрудың маңызды мәселелерін қозғады.
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мен саяси партиялардың бірлескен жұмысы 2023 жылғы қыркүйекте Достық үйінің базасында құрылған Саяси партиялар клубы мен ҚХА қызметі шеңберінде жүргізілуде.
«Қоғамдық келісім» КММ
