JAC маусым айында бюджеттік Yiwei 3 сатуды бастайды

JAC 12 сәуірде Қытайда Yiwei брендін іске қосты және оның 20 мен 35 жас аралығындағы жастарға арналғанын жариялады
Yiwei 3 электромобильінің жүру қашықтығы 600 шақырымды құрайды, ал бағалары 100 000-150 000 юань (6,5 миллион теңге – 9,7 миллион теңге) деңгейінде болатыны уәде етілген
Yiwei 3 - бес орындық, бес есікті қалалық көлік. Оның өлшемдері (Ұ/Б/Е): 4025/1770/1560 мм, доңғалақ базасы - 2620 мм. Сондай-ақ көліктің артқы жағында оның экспортқа дайындалып жатқанын білдіретін EV3 ағылшын әріптері бар. Тұтастай алғанда, бұл ұқыпты дизайнымен сүйкімді «көзді» ықшам көлік
Оның қуаты 70 кВт немесе 100 кВт болатын бір қозғалтқышы бар, ал максималды жылдамдығы 150 км/сағ шектелген. Қуат қоры 600 км болатын нұсқадан басқа, олар бір зарядта 300 км және 400 км жүретін екі қарапайым нұсқасын да ұсынатыны белгілі

Электромобиль айнымалы токпен және тұрақты токпен жылдам зарядтауды қолдайды. Шанхай автосалонында JAC натрий-ионды аккумулятормен жұмыс істейтін Yiwei 3-ті де таныстырды. Дегенмен, бұл нұсқаның шығатын күні әлі белгісіз
Осы жаңалыққа қосымша, Yiwei алдағы бес жылда тағы төрт жаңа модель шығаруды жоспарлап отыр: Yiwei 5, Yiwei X5, Yiwei 3 және Yiwei X3
