Киберспортшының өмірінің бір күні жайлы
Киберспортшының әдеттегідей бір күнінің қалай өтетінін, жақсы ойын ойнау үшін не қажет екендігі жайлы айтпақпыз. Кеттік!
Әрбір адам өзінің күнделікті әр күніне өзінің ыңғайына қпрай белгілі бір тәртіп орнатады, ал егер сіз командамен ойнасаңыз, онда командадағы адамдарға да оңтайлы болатындай жағдайды таңдағаныңыз дұрыс (әрине, бірнеше елдерден жинақталған құрама команда болса, онда уақыт айырмашылығы біраз қиындықтар тудыруы мүмкін).
Жаттығулар, жаттығулар және де жаттығулар!
Әйтсе де, киберспорттық индустрияның жаттығулары басқа спорттық салалардан әлдеқайда ерекше, сондықтан олар бұл жаттығуларға тәулігіне көптеген уақыт бөлуге тура келеді. Кейбір ойындарда әлі күнге дейін жаттығу тәртібі жоқ, сол себепті спортшылар аптасына он реттен ойнағаны болмаса, кәдімгі қолданушылар секілді бір ойынды қайталап ойнай береді, Кибератлеттер командалық ойынға қатысатындай дайындықтары болу үшін жеке жаттығуларға ерекшк көңіл бөледі.
Кешенді тәсіл
Киберспорт мәдениеті соңғы 2-3 жылда айтарлықтай көтерілді. Жаттығулар кезінде жоғары нәтижелі болу үшін өздерінің күн тәртібін әлдеқайда кешенді ете отырып, қайта қарастырып шықты. Сізге жаттығуларда, әсіресе турнирларда бар күш-жігеріңізді жұмсап жаттығу үшін 6 сағаттық ұйқы жетерді деп айту қиындау.
«LoL» саласындағы танымал киберспортшы Коди Саном өзінің берген бір сұхбатында салауатты өмір салтын ұстау мен позитивті ойлау – жақсы ойын кепілі деп бірнеше рет айтып өткен болатын.
Әуес іс пен демалысты бөлу
Кейбір адамдар кәсіпқой ойыншының күнделікті өмірін қалыпты деп санайды, алайда ешқандай да қарапайым емес. Бұның негізгі себебі, шын мәнінде жұмысы пен әуес ісі бір мезгілде қабаттасып жататындығы. Сондықтан, оларды уақытқа бөлу өте қиынға соғады, дегенмен де, солай істеуге тура келеді!
Жаттығудан соң сіздің ойын туралы еш ойламай,, компьютерден алшақтап, жалпы айтқанда бұл өмірде ойын әлемі бар екенін естен шығару керек екендігін айтқан кәсіпқой ойыншылардың берген кеңестерін тыңдап, уақытыңызды шынайы өмірде өткізгеніңіз хөн.
