Мазмұнға өту
Обложка сообщества Образование

«Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?»

30 сәуір 2020 жылы Zoom платформасында Азаматтық авиация академияның «Жалпы ғылыми пәндер» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., Сейдилдаева А.К., PhD докторы Байгисова К.Б., аға оқытушы Борибаева М.А. жетекшілігімен АВ-19.1 қазақ және орыс топтары, МХ-19.2 қазақ тобы ұйымдастырған Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай «Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?» қашықтықтан дөңгелек үстелі өткізілді. Кафедра меңгерушісі Аширкул Кемелбеккызы Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз». Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» деп айтқан сөзін тиек ете келе - ақын, ағартушы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай елдегі төтенше жағдайға байланысты қашықтықтан өткіздіріліп отырған шараның мақсатын айтып өтті: - студенттерді Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру; - ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау; - өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтуға үйрету; - көркем сөйлеуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге уйрету.

PhD докторы Байгисова К.Б. Абай атамыз туралы өмірбаянымен таныстырды. Академияның 1-курс студенттері Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқыды: Қадыр Жұлдыз (АВ-19.1): Өлең «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», Камалладинов Динмухамед (МХ-19.1): Өлең «Құлақтан кіріп, бойды алар», Бузько Валерий (АВ-19.1): Өлең «Желсіз түнде жарық ай» Абайдың табиғат лирикасына арнаған өлендерін. Раденков Михаил (АВ-19.1): Өлең «Жаз», «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» Укуметова Дильназ (АВ-19.1): Өлең «Күз» тамаша манерлеп оқыды. Аға оқытушы Борибаева М.А. Абай Кунанбаевтың рухани жан-дүниесі, әлемге көзқарасы оның лирикалық әндерінде айрықша көрсетілген атап өтіп, Абай әндерінің өзгешелігі оның ырғақтығында, идеялық мазмұнының ашықтығында екенін айтты. Бірінші курс студенттері Найман Баян мен Қадыр Жұлдыз(АВ-19.1) «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін орындады. Абай атамыздын Кара сөздерін оқығандар: Найман Баян (АВ-19.1): 7 –ші Кара сөзі, Мірәлі Ақжол (АВ-19.1): 14 –ші Кара сөзі, Октябров Нурислам (МХ-19.2): 19 –ші Кара сөзі, Сейіт Қыран (МХ-19.2): 24 –ші Кара сөзі, Төленбай Елнұр (МХ-19.2): 31 –ші Кара сөзі, Сыдыкджанова Мухаббат (МХ-19.2): 32 –ші Кара сөзі, Сейдилдаева Әшіркүл Кемелбеккызы: 41 –ші Кара сөзі. «Әнді сүйсең, менше сүй», – деп Абай атамыз айтқандай Жұмаділов Әбілсейіттің гитарада орындауындағы «Көзімнің қарасы» әні тамашаланды. Авиациялық ағылшын тілдер кафедрасының профессоры Тулекова Г.Қ Абай танудың үлкен орнын айтып өтті. Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған. Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған? – деп төрелігін өзі шешкен Абай, бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек! Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстеліміздің соңында кафедра ұстаздары мен студенттері «Сіз қай Қара сөзін талдайсыз?» атты челлендж эстафетасын бастап, 37-ші Қара сөзін талдады.

30 апреля 2020 года на платформе Zoom, под руководством заведующей кафедры «Общенаучных дисциплин» к.т.н. Сейдилдаевой А.К. и преподавателями: доктором PhD Байгисовой Б.К., старшим преподавателем Борибаевой М.А. со студентами групп АВ, МХ и ЛЭ состоялся круглый стол «Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?» , посвященный 175- летию великого казахского поэта Абая Кунанбаева. Со вступительным словом выступила заведующая кафедры «Общенаучных дисциплин» Сейдилдаева А.К. Она процитировала слова Елбасы Н.А.Назарбаева: «Представляя Абая, мы представляем Казахстан и казахский народ миру. Абай всегда должен быть нашим национальным девизом». Ознакомила с целью данного мероприятия: • познакомить студентов с жизнью и творчеством великого поэта; • показать значение произведений Абая для молодежи; • познакомить с лирикой и прозой Абая; • научить художественной речи, творчеству. Затем доктор PhD Байгисова К.Б. рассказала биографию великого поэта. Студенты Академии читали лирику Абая: Кадыр Жулдыз (АВ-19.1к): стихотворение «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» , Камалладинов Динмухамед (МХ-19.1к): стихотворение «Құлақтан кіріп, бойды алар», Бузько Валерий (АВ-19.1р): стихотворение «Желсіз түнде жарық ай», Раденков Михаил (АВ-19.1): стихотворение «Жаз», Укуметова Дильназ (АВ-19.1): стихотворение «Күз».

Старший преподаватель кафедры «Общенаучных дисциплин» Борибаева М.А. отметила , что лирика и проза Абая пронизана высоким духовным и нравственным содержанием, и направлена на воспитание молодежи. Студенты Найман Баян и Кадыр Жулдыз(АВ-19.1) исполнили знаменитую песню на стихи Абая «Айттым сәлем, Қаламқас». Студенты также прочитали выдержки из Слов Назидания: Найман Баян (АВ-19.1): 7 - Слово Назидания, Мірәлі Ақжол (АВ-19.1): 14 Слово Назидания, Октябров Нурислам (МХ-19.2): 19 Слово Назидания, Сейіт Қыран (МХ-19.2): 24 Слово Назидания, Төленбай Елнұр (МХ-19.2): 31 Слово Назидания, Сыдыкджанова Мухаббат (МХ-19.2): 32 Слово Назидания, Әшіркүл Кемелбеккызы: 41 Слово Назидания. Жумадилов Абилсейт на гитаре исполнил песню на стихи Абая «Көзімнің қарасы». Профессор кафедры «Авиацинный английский язык» Тулекова Г.Х выступила с речью о роли Абая Кунанбаева в мировой литературе, поблагодарила всех участников круглого стола за популяризацию культурного наследия великого Абая. В завершении мероприятия преподаватели кафедры «Общенаучных дисциплин» и студенты проанализировали 37 - Слово Назидания и запустили челлендж «Сіз қай Қара сөзін талдайсыз?».

Уважаемые друзья, подписывайтесь на интернет-каналы Академии гражданской авиации!

0
0
1225

Осы тақырып бойынша

«Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?» - Yvision.kz