Мазмұнға өту
Обложка сообщества Культура

Ұлт ұстазы

7 желтоқсандаЕресек мектеп оқушылары мен жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде «Алтынсарин кездесулері» жобасы аясында жазушы, ағартушы-ұстаз Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналған «Ұлт ұстазы» брейн-ринг ойынының 2 кезеңі өткізілді. Сайыстың бірінші бөлімінде жеңіске жеткен қаламыздың М. Хакімжанова атындағы №20 орта мектебі мен №10 жалпы білім беретін орта мектебі кездесті. Ойын 6 кезеңнен тұрады. Ойын барысында қатысушылар ұлт ұстазының шығармашылығына, өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді, өлеңдерімен танысып, Ы. Алтынсариннің авторлық жұмбақтарын шешіп, мақалдарының жалғасын тапты.

Сайыс қорытындысы бойынша М.Хәкімжанова атындағы №20 мектебі жеңіске жетті. Оқушыларды ойынға дайындап, серіктестікке көмек көрсеткен мұғалімдер де алғыс хатпен марапатталды. Зияткерлік ойын оқушылардың да, ұстаздардың да көңілінен шықты.

0
0
443
Баннер сообщества Культура

Осы тақырып бойынша