Мазмұнға өту
Обложка сообщества Образование

Ұлыбританияға Student Visa-сы үшін құжаттар тізімі

Ұлыбритания университеттері әлемдегі мықты университеттердің қатарына енеді. QS рейтингі бойынша алғашқы жүздікте 20-30 Ұлыбритания университеттері бар.

Ұлыбритацияда бакалавриат (undergraduate), магистратура (postgraduate) және докторантура (PhD) деңгейлерінде оқу Student Visa негізінде жүргізіледі. Бұл виза оқу мерзіміне беріледі. Визаның паспорттағы жапсырмасы 3-4 айлық мерзімге беріледі. Әрі қарай паспорттың орнына Ұлыбританиядан алынатын BRP (Biometric Residence Permit) құжаты қолданылады.

Student Visa алу үшін құжаттар:

- қолдану мерзімі оқу уақытының соңына дейін жарамды паспорт;

- оқу орнынан берілетін шақыру құжаты (unconditional offer);

- CAS (Confirmation of Acceptance for Studies) нөмірі, бұл нөмір де университетпен беріледі;

- Ұлыбританияда тұруға керекті қаражаттың дәлелі (ағылшын тілінде)(банктік жинақтан үзінді. демеушінің айлық еңбекақысы жайлы құжат, демеушіден сенім хат);

- туберкулез жоқтығы туралы сертификат, ағылшын тілінде беріледі (Нұр-Сұлтанда, Алматыда арнайы сертификатталған ұйымдар бар).

0
0
279

Осы тақырып бойынша

Ұлыбританияға Student Visa-сы үшін құжаттар тізімі - Yvision.kz