Мазмұнға өту
Обложка сообщества Футбол KZ

Неймар - Бразилияның барлық уақыттағы үздік сұрмергені

Бразилия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында Боливия құрамасын 5:1 есебімен ұтты.

Жұлдызды вингер матчта 17-минутта есеп ашуы мүмкін еді, бірақ пенальтиден гол соға алмады. Бірақ екінші таймда бразилиялық дубль соғып, 125 матчта барлығы 79 гол соқты. Бұған дейінгі рекорд футбол королі атанған Пелеге тиесілі болды - ол 92 матчта 77 гол соққан.

«Мен бұл рекордқа жетемін деп ешқашан ойламадым. Мен Пеледен артық емес екенімді айтқым келеді, - деді Неймар ойыннан кейін. - Мен әрқашан өз тарихымды жасауды, Бразилия футболы мен ұлттық құрама тарихында өз есімімді жазуды армандадым. Ал бүгін мен мұны жасадым», - деді Неймар өзінің рекордына түсініктеме берді.

0
0
127
Баннер сообщества Футбол KZ

Осы тақырып бойынша

Неймар - Бразилияның барлық уақыттағы үздік сұрмергені - Yvision.kz