Мазмұнға өту
Обложка сообщества Не молчи!

Партиялық бақылау басты назарда

Аудандық мәслихат депутаты, партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Ж.Шапешов, аудан әкімі Ж.Батырниязов , аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы А.Искаковпен бірге Қособа және Жырақұдық ауылындағы сумен жабдықтау жұмыстарының барысымен танысып қайтты. Құрылыс жұмысының кешеуілдеуінің негізгі себебі мердігер компаниялар өздерінің келісімшарттағы міндеттемелерін жүйелі, уақтылы орындамауының саладарынан болып отыр. Құрылыс материалдарының уақтылы жеткізілмеуі жұмысты тежеп отыр, күздің ортасына дейін нысан пайдалануға беріледі,- дейді бөлім басшысы. Келісімшарттағы міндеттемелерін орындамағандықтан аталған компанияны сотқа беру мәселесін де талқыланды. Өйткені заң бойынша құрылыс кешеуілдеген әр күнге өсімақы жүретіні бар. Өз кезегінде аудан әкімі Ж.Батырниязов жауапты тарапқа нақты міндеттер жүктеп, құрылыс жұмыстарын аталған мерзімге дейін шешуді нықтап тапсырды. 📌 Айта кетейік, жоба құны - 590,678 млн. тенге. Игерілген қаржы көлемі 490,0 млн тенге. Жалпы орындалуы - 83 пайыз. Бүгінгі күнге Жымпиты ауылынан тартылатын 27 км су құбыры - 100 пайыз, ауылішілік су құбырлары - 100 пайыз, 4 резервуар - 95 пайыз, 2 мұнара - 95 пайыз, екінші су көтеру алаңы қоршауы 100 пайыз, екінші су алаңындағы су құбырларын жалғау жұмыстары - 60 пайыз, насостық ғимарат құрылысы - 80 пайыз, КПП ғимараты - 90 пайыз жұмыс орындалып отыр. #AMANAT

0
0
146
Партиялық бақылау басты назарда - Yvision.kz