PR-Форум 2026: жаңа технологиялар мен PR трендтері талқыланды
Алматыда өткен PR-Форум 2026 биыл да коммуникация саласының жетекші сарапшыларын, бизнес өкілдерін және медиа қауымдастықты бір алаңға жинаған маңызды кәсіби оқиғаға айналды.

Биылғы форумның басты өзегі — жылдам өзгеріп жатқан ақпараттық кеңістікте сенім қалыптастыру, бренд беделін нығайту және заманауи коммуникацияның жаңа тәсілдерін талқылау болды.
Форум бағдарламасы стратегиялық коммуникациялардан бастап цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің мүмкіндіктеріне дейінгі кең ауқымды тақырыптарды қамтыды. Сарапшылар компанияның қоғамдық беделін қалыптастырудағы бірінші басшының рөліне ерекше тоқталып, қазіргі кезеңде көшбасшы тұлғаның ашық коммуникациясы мен қоғам алдындағы сенімі бренд құндылығының басты факторына айналғанын атап өтті.

Сондай-ақ форум барысында жасанды интеллекттің брендті дамытудағы рөлі, контент өндірудегі жаңа мүмкіндіктері және аудиториямен байланыс орнатудағы тиімді құралдары кеңінен талқыланды. Қатысушылар салалық, буынаралық және мультикультуралық аудиториялармен жұмыс істеудің заманауи тәсілдерімен танысып, коллаборациялар арқылы күрделі коммуникациялық міндеттерді шешудің нақты тәжірибелерімен бөлісті.
PR-Форум тек мазмұнды баяндамалар мен сараптамалық пікірталастар алаңы ғана емес, тәжірибелік бағыттағы интерактивті форматымен де ерекшеленді. Қатысушылар кәсіби дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, алған білімдерін бірден тәжірибеде қолдануға мүмкіндік алды. Практикалық сессиялар аясында мамандар пресс-релиздер әзірлеу, фото және бейнематериалдар жасау, презентациялар дайындау және екінші деңгейлі деректерге талдау жүргізу бойынша жұмыс істеді.
Дәстүр бойынша форум аясында Ұлттық корпоративтік медиа байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Сонымен қатар BEST PR PRACTICE байқауының үздіктеріне арнайы сыйлықтар табысталып, «PR-шы» клубы мен Қазақстан Республикасының Қоғаммен байланыс жөніндегі ұлттық қауымдастығының (НАСО) 25 жылдығына орай сала дамуына елеулі үлес қосқан мамандар арнайы марапаттарға ие болды.
Қазақстан пресс-клубы/PG Communications коммуникациялық тобының президенті, «PR-шы» клубының тең құрылтайшысы және ҚР НАСО кеңесінің төрайымы Асель Караулова бүгінде сенім кез келген брендтің басты материалдық емес активіне айналғанын атап өтті. Оның айтуынша, тұрақты репутация қалыптастыру үшін компаниялар аудиториямен ашық әрі сапалы коммуникация орнатуға ерекше мән беруі қажет.
«PR-Форум алаңының тағы да жетекші сарапшыларды, бизнес өкілдері мен кәсіби қауымдастықты ашық диалог, тәжірибе алмасу және саланы дамытуға арналған жаңа шешімдерді іздеу мақсатында біріктіргеніне қуаныштымыз», — деді Асель Караулова.
Іс-шараны Қазақстандық PR мамандарының «PR-шы» клубы мен Promo Group Communications (PG Communications) коммуникациялық агенттігі Қазақстан Республикасының Қоғаммен байланыс жөніндегі ұлттық қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырды.
PR-Форум 2026-ның бас серіктесі — Halyk Bank. Сонымен қатар форумның өтуіне KAZ Minerals тобы, Yandex Qazaqstan, Kcell, Carlsberg Kazakhstan, Банк ЦентрКредит, Halyk Life, Air Astana, AlmaU университетінің Медиа және кино мектебі, Almaty Museum of Art және ABR қолдау көрсетті. Ақпараттық серіктестер қатарында Қазақстан пресс-клубы, Nabroski медиа агенттігі, PRDrive басылымы, Stan.kz, BES.Media, Bizmedia, Nur.kz, Zakon.kz, Optimism.kz және Kazakhstan Growth Forum бар.
