Мазмұнға өту
Обложка сообщества Культура

«Өр Алтайдың өрлі жазушысы» әдеби кеші

Биыл белгілі қазақ жазушысы, драматург Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл толады. 26 қыркүйекте № 11 мектептің 7 "а", 9 "ә" сынып оқушыларына арналған "Өр Алтайдың өрлі жазушысы" атты іс-шара ұйымдастырылды. Балалар жазушының өмірі мен шығармашылығымен, оның жақсылық пен жамандық, күш пен батылдық, шынайы және қиялдағы рухани құндылықтар туралы шығармаларымен танысты. Оралхан Бөкеев - сиқырлы сөз шебері. Оның өз туындыларының пішінін, сөз саптауын таңдауға керемет қабілеті бар. Оқушылар Жадикова Дария, Сәбитбекова Мөлдір «Тілдескен туған дала табиғатпен», «Біртуар» өлеңдерін оқыды. Іс-шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған бейнероликтер көрсетілді. Оралхан Бөкей-тарихта тек қазақ әдебиетінде ғана емес, әлемдік әдебиетте де өз орнын бекіткен тұлға. #гидқазақстанға #ГидПоКазахстану

0
0
495
Баннер сообщества Культура

Осы тақырып бойынша

«Өр Алтайдың өрлі жазушысы» әдеби кеші - Yvision.kz