Мазмұнға өту
Обложка сообщества Культура

Әрбір балаға қажет қойылым

Қоғам өмірінде маңызды орын алатын, әрбір адам білуге және ұстануға тиіс салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану, өрт қауіпсіздігі және жол жүру ережелерін қаншалықты жетік білеміз?!

Күнделікті өмірде осы ережелерді қатаң сақтап жүрміз бе?! Бүлдіршіндер қызығушылығына сай интерактивті бағытта сахналанған «Есте сақта, балақай!» қойылымы осы сауалдарға жауап іздейді.

Астары терең тәрбиеге ие жауапкершілікке, тазалыққа, жақтылыққа, кішіпейілділікке шақыратын қойылым көрермендерді бейжай қалдырмасы анық.

Жақында мен қызымды осы спектальге апарған болатынмын. Қызыма қатты ұнағанын жасырмаймын.

Шыққан соң бірден қуыршақтарды "сөйлетуге" асықты.

Театр атмосферасы керемет. Ойлары ешқандай рамкаға сыймайтын қызым осы фонда суретке түсіп мәз болды:)

Актерлік құрамға респект.

Актерлер жанды ойнағаны соншалық, бала тұрмақ менің өзім қызығып көрдім :)

Сіз білесіз бе?

Қуыршақ театры – елімізде жаз кезінде жұмыс жасайтын жалғыз театр. Елдегі өнер ұжымдары шілде мен қыркүйек аралығында демалысқа кетіп, маусымды жапса, Қуыршақ театры маусымды екі-үш күнге ғана жабабалды да, жаз бойына талмай еңбек етеді.

#қуыршақтеатры

#естесақтабалақай

#қоғамережелері

#балағакерек

0
1
806
Баннер сообщества Культура

Осы тақырып бойынша