Мазмұнға өту
Обложка сообщества Семей

Семей қаласында бокстан қаланың ашық біріншілігі өтті

2025 жылғы 5-8 қараша аралығында Семей қаласында бокстан қаланың ашық біріншілігі өтті.

Аталған жарысқа Семей және Аягөз қалаларынан, сондай-ақ Абай, Ақсуат, Бородуллиха және Үржар аудандарынан келген 2008–2009 және 2010–2011 жылдары туған қыздар қатысты.

Біріншілік 25 салмақ дәрежесі бойынша Бүкіләлемдік бокс федерациясының ережелеріне сәйкес ұйымдастырылды. Додаға 60-тан астам жас спортшы қатысып, өзара бақ сынасты.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің мақтау қағаздарымен және медальдарымен марапатталды.

0
0
120

Осы тақырып бойынша

Семей қаласында бокстан қаланың ашық біріншілігі өтті - Yvision.kz