"Үш арыстанның" тағы бір алтын ұрпағы
Грэм Сунесс Англия құрамасының құрамы мен болашағы туралы айтты

Шотландиялық футболшы, футбол бапкері және комментатор Грэм Сунесс Англия құрамасының қазіргі құрамы туралы пікір білдірді
Ол соңғы уақытта бұл ұрпақ ең күшті деп есептейді:
«Бұл алтын ұрпақ. Лэмпард, Джеррард және Скоулзды ұмытыңыз. Олардың күші де, тереңдігі де бар. Қазір Англия - шынымен де жақсы команда. Олардың тағдыры осы құрамамен бірге кубок жеңіп алуы керек», - деді Сунесс
Естеріңізге сала кетейік, Катарда өткен әлем чемпионатында «Үш арыстан» командасы болашақ финалист Франция құрамасынан 1:2 есебімен жеңіліп, ширек финалға шыққан болатын
Ал 2020 жылғы Еуропа чемпионатында Гаррет Саутгейт шәкірттері финалға шығып, Италиядан пенальти сериясында жеңіліп қалды

