Шардаралық балуан пара дзюдодан халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
Бразилия мемлекетіндегі Сан-Паулу қаласында пара дзюдодан Гран при Халықаралық турнирі өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде шардаралық балуан, пара дзюдодан Әлем чемпионы Бексұлтан Құлмырза 81 келі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Нәтижесінде кіл мықтылар қатысқан додада Бексұлтан алтыннан алқа тақты. Ол финалда тағы бір қазақстандық пара дзюдошы Ғалымжан Смағұлұлымен күш сынасқан.

Айта кетейік, шардаралық балуан биыл Астанада өткен әлем чемпионатында топ жарып, әлем чемпионы атанған болатын.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
