Сырбайдың сыршыл әлемі
Биыл қазақтың көрнекті ақыны, ҚР Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы Сырбай Мәуленовтің туғанына 100 жыл толып отыр. Осы атаулы күнге орай 23 қыркүйекте «Сырбайдың сыршыл әлемі» атты поэзия кеші өткізілді. Іс-шараға Қостанай құрылыс колледжінің 1курс студенттері қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар назарына С. Мәуленовтің өмірбаянымен таныстырылып, ақынның өз даусымен оқылған «Менің Қазақстаным» өлеңі, ақынның өлеңі оқылған бейнероликұсынылды, студенттер ақынның «Қостанай», «Тобыл аруы», «Меңдқара» т.б. өлеңдерін мәнерлеп оқып берді, кітап көрмесі таныстырылып, іс-шара соңында викторина сұрақтары қойылды. Қатысушылар жерлес ақынның өмірі мен шығармашылығымен кеңірек танысқандарына зор қуанышпен тарқасты.








