Мазмұнға өту
Обложка сообщества Культура

Театрға барып жүрсіз бе?

Театр -  нағыз өнердің ордасы. Сергу үшін барасың да, рухани байып қайтасың. Адамға эмоциялық көңіл-күй тарту ететін актерлер де бар шеберліктерін салып, өз энергияларын сахна төрінде жұмсайды.  Осылайша жұмыс пен үйде болатын мәселелерден демалып қайтуға болады. Сондай-ақ сахнада болып жатқан қойылымнан жаныңа жақын кейіпкерді алып, негативті энергияңды сол кейіпкермен алмастырсаң болады.  Әрине, ол өзіңе байланысты.  Егер театрға жиі барып тұрсаң, энергияңды да тұрақтандыра аласың. Ол сенің барлық проблемаға қарсы тұруыңа септігін тигізеді. Барлық жұмыс біздің организмімізде жүзеге асады. Егер адам позититвті көңіл күйде жүретін болса, организмде серотин гормоны бөлінеді. Ал ол тым аз мөлшерде бөлінсе, адам ашуланшақ, әрі әлсіз болады. Серотин гормонын көп мөлшерде бөлу үшін театрдың пайдасы зор

Театр – адамның рухани серігі десем артық айтқандық болмас.

Теардың өз көрермені бар, мұнда келмейтіндер осы ағылшын жазушысының ұстанымымен жүргені дұрыс шығар. Енді мынаны қараңызшы, Сәкен Сейфуллин қазақ театрын ашқан кезде былай деген екен: «Театрға құлағы естімейтін адам келсе, ол сахнада болып жатқан іс-әрекетті көзімен көріп, түсініп, содан ләззат алуы керек. Ал егер көзі көрмейтін зағип кісі келсе, ол тыңдап ләззат алуы керек»,- деп дәл айтқан.

Театр – халықтың айнасы. Ал, сіз қашан соңғы рет театрға бардыңыз көрермен?

Назарларыңызға Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының наурыз айының репертуарын ұсынамын. Театрда кездесейік, ағайын!

#МүсіреповТеатры

#АлматыТеатр

#Балалардыңмәденидемалысы

#руханиазық

0
0
378
Баннер сообщества Культура

Осы тақырып бойынша