Мазмұнға өту
Обложка сообщества Cybersport Qaz

Twitch стримерлерінің ең танымал бестігі

Сіздерге мәлім компьютерлік ойындарға, сонымен қатар геймплей трансляцияларына және де киберспорттық жарыстарға бағытталған Twitch бейне-түсірілім қызметі бүгінде ең танымал стримдік алаң болып табылады және қазіргі кезде оған қатысушылар саны ай сайын 500 миллионнан асып түсті.

Twitch-тегі ағым бүгінгі заманның шарықтау шыңына айналды.Біз сіздерге әлемдегі ең танымал стримерлер бестігі, сондай-ақ көрермендердің жүрегін жаулап алған бірнеше танымал жігіттер жайлы айта кетуді жөн көрдік.

1. Ninja

Тіркелушілер саны – 17,5 миллион

Ең көбі Fortnite, PUBG: BATTLEGROUNDS

Стримердің шын есімі – Ричарл Тайлер Блевинс. Ол стримді 2011 жылдан бастап жүргізуе бастады және Fortnite ойыны арқылы көтерілді. Бір кездері Ричард жанкүйерлерінің қолдауы арқасында бір айдың ішінде 5 млн-нан астам доллар табыс тапты.

2. AuronPlay

Тіркелушілер саны – 12 миллион

Ең көп стримі GTA V Minecrafttu Just Chatting

Таяуда бүкіл әлем бойынша стримерлер топтамасында екінші орынға шықты. Шын есімі – Рауль Альварес Генес. Испандық әзілқой және әлемді жайлаған індетке байланысты қайырымдылықпен айналысатын, сондай-ақ былтырғы жылы «Стример гора» және «Геймер MVP» рәсімдерін иеленуші блогер

3. Tfue

Тіркелушілер саны – 11,1 миллион

Ең көп стрим Fortnite, Call of Duty: Warzone Z1: Battle Royale

Біздің бестікте үшінші орынды американдық Тернер Тенни иеленді. Ол көпшілікке Fortnite ойынымен танымал болды. Дегенмен, Теннидің атағы сондай-ақ, Twich-тің тікелей өзімен оқтын-оқтын жанжалдасуы арқылы және FaZe Clan ұйымымен қолдау табуда.

4. Rubius

Тіркелушілер саны – 11 миллион

Minecraft GTA V Fortnitee Among Us ойындары бойынша ең көбін let’s play жүргізеді. Стримердің шын есімі – Рубен Доблас Гандерсен. Испаниядан шыққан стример The Elder Scrolls: V Skyrim ойынына let’s play жүргізе отырып, Ютубта ең көп көрермен жинады.

5. Shroud

Тіркелушілер саны – 10 миллион

Ең көп стрим PUBG VALORANT және Gounter-Strik

Канадалық стример және ютубшы Майкл Гржесик. mEclipse стримерінің бұрынғы никнеймі. Бұрындары бірнеше үздік әлемдік киберспорттық командалардың құрамында болған және бірнеше рет үздік мерген атағын да жеңіп алған. Оның қатысуымен командалар халықаралық аренада 4 рет жеңімпаз болды.

Әрине, біздің көпшіліктің көзайымы болған Tommylnnit жайлы айтпай кеткеніміза дұрыс болмас. Гиннестің әлемдік екі рекордын иеленген британдық стример.

1. Twitch-тегі Minecraft ағымдағы бағдарламасының ең танымал арнасы

2. Тікелей эфирде ең көп көрермендер саны

Ал Сіздің сүйікті стримеріңіз кім?

0
0
252

Осы тақырып бойынша

Twitch стримерлерінің ең танымал бестігі - Yvision.kz