Ұлытау облысында «Бір ауыл – бір өнім» байқау-көрмесінің өңірлік кезеңінің бренд-комитет отырысы өтті
Отырыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар болып төмендегілер анықталды: • «Даркенова» ЖК (Сәтбаев қ.), • «Калдыбаев Е.» ЖК, • «Жаңаарқа Қымызы» ЖК.
Аталған өндірушілер Астанада өтетін байқаудың республикалық кезеңде Ұлытау облысының атынан қатысып, елдің үздік өндірушісі атағы үшін бақ сынап, өз өнімдерін кең ауқымды көрерменге таныстыру құқығына ие болды.

