Мазмұнға өту
Обложка сообщества Ұлытау облысы

Ұлытау облысында идеологиялық мәселелер бойынша жиын өтті

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Зина Ақылбекованың төрағалығымен идеологиялық мәселелерге арналған жиын өтті.

Кеңесте Мемлекет басшысының Жолдауында жүктелген міндеттерді іске асыру, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтау, ақпараттық кеңістіктегі ахуалды бақылау, жастар саясатын дамыту, ұлттық мерекелерді жоғары деңгейде ұйымдастыру және этносаралық келісімді нығайту мәселелері қаралды.

Жиын барысында Қоғамдық даму басқармасының басшысы Бақытжан Жайлаубаев, Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Маратбек Туребеков, Дін істері басқармасының басшысы Дулат Тулегенов баяндама жасады.

Кеңес соңында өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және қоғамдағы бірлікті нығайтуға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

0
0
635

Осы тақырып бойынша

Ұлытау облысында идеологиялық мәселелер бойынша жиын өтті - Yvision.kz