2015 жылдың күзінде Ұлттық инновациялар байқауы іске қосылады
Қазақстанда 2015 жылдың күзінде Ұлттық инновациялар байқауы іске қосылады және ол мектеп оқушылары, студенттер мен ірі кәсіпорындардың мамндарына дейінгі елдегі барлық жаңашылдардың басын қосады, деді Индустриялар және даму министрлігінің Технологиялық инновациялық даму департаменті бастығының орынбасары Лаура Садықова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. «Екінші бесжылдық аясындағы инновациялық саясаттың міндеттерінің бірі өңірлік стартап-хабін қалыптастыру болып табылады, яғни елде жаңашылдардың ортасы қалыптасып, оларға қолдау көрсетіледі. Біз Чили, Ресей, Израиль сынды елдердің тәжірибелерін зерттедік. Біздің бағдарламамыз тек еліміздің азаматтарына ғана емес, шетелдіктерге де ұнайды деген ойдамыз»,-деді Л.Садықова. Оның сөзінше, мұндай тетік Қазақстанға шет…