ҚР прзиденттігіне кандидат Әбілғазы Құсайыновтың Петропавл қаласы «Севказэнерго» ЖШС-ның жұмысшы ұжымымен кездесуі
Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов Петропавл қаласы «Севказэнерго» ЖШС-ның жұмысшы ұжымымен кездесті. Кездесу барысында ҚР Президенттігіне кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы баяндап берді. «Экологиялық аспектілердің қажеттілігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелерін назарға ала отырып, экологиялық қауіпсіз дамуға көшудің негізгі міндеттерін адамзат дамуымен қатар қарастыруды ұсмынып отырмын. Жағымсыз экологиялық жағдай жалпы Әлемдегі өзекті проблемаға айналып отыр, себебі өнеркәсіпті дамытуда қоршаған ортаның мүмкіндіктері назардан тыс қалып, көп жағдайда табиғатты қорғау технологиялары пайдаланылмайды», - деп атап өтті Әбілғазы Құсайынов. Салдарынан, кандидаттың пікірінше, табиғаттың экожүйесіне жүктелген өндірістік салма…
