Мазмұнға өту
AdilNazar

Адиль

@AdilNazar

Сайтта 2014 ж. 5 тамызКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

2 369

жазбалар

1 424

пікірлер

6

тіркелуші

44

жазылымдар

16

«Цифрландыру – мұраны сақтау кепілі» – Аида Балаева

«Цифрландыру – мәдениет саласының болашағын айқындайтын басты бағыттардың бірі. Бұл тек есеп жүйесін жаңарту емес, бұл – ұлттық мұраны сақтап, оны әлемдік айналымға шығарудың, келер ұрпаққа жеткізудің заманауи жолы»,  – деді Аида Балаева «Айқын» газетіне берген сұхбатында.Аида Балаева қазір әлем елдері пайдаланып отырған цифрлық мүмкіндіктер – өнер мен мәдениетке шекарасыз қолжетімділік екенін атап өтіп, мәдени мұраларды цифрландыру жұмыстары елімізде қалай жүзеге асып жатқаны туралы айтып берді.Министрдің айтуынша, соңғы жылдары мәдениет объектілерін цифрлық форматқа көшіру, автоматтандырылған жүйелерді енгізу бағытында нақты қадамдар жасалып жатыр.Биыл Қазақстан музейлерінің бірыңғай виртуалды алаңы – E-museum веб-порталы іске қосылмақ. Бұл платформа арқылы әлемнің кез келген нүкте…

0
0
158

2025 жылдағы ақпарат саласы: БАҚ-ты тіркеу, құқыққа қайшы контентпен күрес және телеөндірісті дамыту

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі 2025 жылдың I жартыжылдығы бойынша қорытындыларды ұсынады. Медиа саланы дамытудың негізгі бағыттарына назар аударсақ. Атап айтқанда, БАҚ-ты тіркеу мен жаңарту, құқыққа қарсы контентпен күрес, халықаралық ынтымақтастық, бірлескен жобалар және тарату аясын кеңіту мәселелері қарастырылады.🔘БАҚ-ты тіркеуРеспубликада барлығы 4 871 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген. Оның ішінде 3 002 мерзімді басылым (газет, журнал), 236 телеарна, 98 радио, 1 231 ақпарат агенттігі мен онлайн-басылым бар. 2025 жылдың I жартыжылдығында БАҚ реестрі жаңартылып, ел аумағында 140 БАҚ қызметін тоқтатып (59 газет, 62 журнал, 19 интернет-басылым), тіркеуден шығарылды.🔘«Құқыққа қайшы контент» таратуға қарсы шараларЖыл басынан бері интернет желісінен 74 130 заңға…

0
0
145

Абай облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы жалғасуда

Бесқарағай ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында абаттандыру және тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аудан көшелеріндегі тұрмыстық қалдықтар жиналып, арнайы техникамен шығарылды. Сонымен қатар, Бесқарағай ауылында орталық стадион аумағында көрермендерге арналған орындар жөнделіп, сырлау жұмыстары атқарылды.Экологиялық шараға ауылдың белсенді жастары мен тұрғындарынан құралған 30-ға жуық адам қатысып, туған өлкеге деген жанашырлықтарын нақты іспен дәлелдеді. Игі бастаманың басты мақсаты – ел ішінде экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғауға қоғам назарын аудару.Жергілікті тұрғындар мұндай шаралардың тұрақты түрде өткізіліп тұруы ауылдың көркеюіне, тазалығына және тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілік сезімінің артуына зор…

0
0
159

«Jas Keñes Siyligi» байқауына өтінімдер қабылдау жалғасуда

2025 жылдың 20 маусымынан 20 шілдесіне дейін «Jas Keñes Siyligi» байқауына өтінімдерді қабылдау жалғасып жатыр.«Jas Keñes Sıylığı» – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бастамасымен 2024 жылы құрылған тәуелсіз жастар сыйлығы. Бұл сыйлық еліміздің экономикасы мен қоғамдық өміріндегі негізгі салаларда белсенді жас мамандарға табысталады.Сыйлыққа Қазақстан Республикасының 35 жасқа толмаған (35 жас қоспай алғанда) азаматтары қатыса алады. Байқауға қатысуға өтінімді https://www.jas-kenes.kz/application сайтында беруге болады.Конкурстық іріктеу 3 кезеңнен тұрады. Әр номинация бойынша 2 жеңімпаздан, барлығы 20 жеңімпаз анықталады. Байқаудың жүлде қоры – 20 миллион теңге (әр жеңімпазға 1 миллион теңгеден).Өткен жылмен салыстырғанда биыл жас ғалы…

0
0
129

ТЖМ азаматтарға судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтауға кеңес береді

Шомылу маусымында судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында ТЖМ қызметкерлері белсенді профилактикалық жұмыс жүргізуде. Құтқарушылар балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударады.

Су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың көпшілігі рұқсат етілмеген және жабдықталмаған су көздерінде болады. Әрбір азамат су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы тиіс.

Еліміздің су айдындарында адамдардың қаза болу фактілерін болдырмау және азайту мақсатында ТЖМ судың жанында болған кезде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады.

🖥 Толығырақ ҚР ТЖМ ресми сайтынан оқыңыз.

0
0
152

Абай облысында 300 келіден астам есірткі заттары тәркіленді

Абай облысында жыл басынан бері заңсыз айналымнан 303 келіден астам есірткі және психотроптық заттар тәркіленді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Абай облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Берікжан Абылғазинов мәлімдеді.Спикердің сөзінше, ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында облыс аумағында 55 есірткі қылмысы мен 61 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген. Оның ішінде 44 дерек есірткі және психотроптық заттарды өткізуге қатысты болса, 30-ы аса ауыр санаттағы қылмыстарға жатады.– Тәркіленген заттардың басым бөлігін марихуана, гашиш және синтетикалық есірткілер құрайды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда анықталған деректер саны үш есеге артқан, – деді Берікжа…

0
0
131

Семейге Маңғыстау облысының делегациясы келді

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли өңірімізге Маңғыстау облысынан арнайы келген делегация мүшелерімен кездесті. Кездесуге Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов, облыс әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев, қоғамдық кеңес төрағасы Бекмұрат Жүсіпов және мемлекеттік қызмет ардагері Даржок Сейбағытов қатысты. Облысымызда Абайдың 180 жылдығына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен «Абайға құрмет» акциясы басталған болатын. Акция аясында еліміздің әр өңірі Абай облысына бір нысаннан тарту етеді. Кездесуде облыс әкімі Маңғыстау облысының игі бастамаға алғаш болып қолдау танытқаны үшін алғысын жеткізді. «Маңғыстау облысы әкімдігі акцияға қолдау білдіріп, облыс орталығы Семей қаласына Достық үйін салып беру үшін арнайы делегация жіберіп отыр. Өздеріңізбен…

0
0
115

«Заң мен тәртіп» апталығы. Мемлекет қазынасына қанша актив қайтарылды?

Маусым айының соңғы аптасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласындағы департаментінде «Заң мен тәртіп» апталығы өтті. Аталған шара оңтүстік шаһарға қайтарылған активтер бойынша болды.Агенттік дерегінше, 2022 жылдан бері 1,152 трлн теңгеден астам мүліктік активтер мен ақшалай қаражат ел қазынасына қайтарылған. Оның ішінде 329,4 млрд теңге тікелей бюджетке өтелді. Қайтарылған активтердің қатарына бизнес орталықтар, әкімшілік ғимараттар, коммерциялық нысандар, үйлер, пәтерлер, аяқталмаған құрылыс нысандары, жер телімдері, люкс санаттағы автокөліктер мен ақшалай қаражаттар кіреді.Шетелден 670,5 млн доллар қайтарылды. Оның ішінде: Австриядан – 82,1 млн доллар, Лихтенштейннен – 260,5 млн доллар, БАӘ – 14 млн доллар, Түркиядан – 13,92 млн доллар.Алматы қаласында 4 ірі…

0
0
147

Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады

Кентау қаласында 2025 жылы жалпы құны 10,3 млрд теңгені құрайтын 16 жоба іске асырылмақ. Нәтижесінде 492 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Оның ішінде, өнеркәсіп саласында 4 ірі жоба жыл соңына дейін жұмысын бастайды. Бұл жайында Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов брифингте мәлімдеді.«Биыл ашылатын төрт ірі жобамыздың екеуі арнайы экономикалық аймақта, қалған екеуі индустриалды аймақта орналасқан. Атап айтар болсақ, «KentauRedStar»ЖШС-і – кірпіш өндірісімен айналысады. 2023 жылы құрылысы басталған нысанның жоба құны - 1,5 млрд теңге. Биыл мамыр айында іске қосылған зауытта 80 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Өндіріс орны жылына 45 млн дана кірпіш өндіруге қауқарлы. Бұдан бөлек, «TURAN SHENHUA» ЖШС-і газ қазандықтарын және тұрмыстық техникалаларды өндіруді қолға алмақ. 2025 жы…

0
0
149

Ауылдарға интернет жеткізуге 84 млрд теңге бөлінеді – Мәдиев

2027 жылға дейін 1 123 ауылға кең жолақты интернет тартылады. Жоба 2,3 млн-нан астам тұрғынды қамтымақ, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда ауылдарды сапалы интернетпен қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды жоба басталады. Мәжілісте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев тиісті жобаны таныстырды. Инициатива Халықаралық қайта құру және даму банкімен (Дүниежүзілік банк) арадағы келісімді ратификациялауды көздейді.Біздің мақсат қарапайым, бірақ талабы зор: интернет әр ауылда, әр үйде болуы керек. Бұл тек магистральді желі тарту емес, нақты тұтынушыға дейін интернет жеткізу мәселесі, – деді Жаслан Мәдиев.Жоба туралы не белгілі?Жалпы бюджеті – 84 млрд теңге;Қаржыландырудың жартысы –нарық есебінен, жартысы – жеңілдетілген сыртқы несие (Дүниежүзілі…

0
0
122