Ұлт жоспары: ОҚО-да отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа түрі енгізіледі
ОҚО-да жаңа форматтағы мекен-жайлық әлеуметтік көмек енгізіледі. Бұл туралы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы А.Темірбаева мәлім етті. А.Темірбаеваның айтуынша, бұл көрсеткіш жұмыспен қамтылған азаматтардың 86 пайызы міндетті зейнетақы жарналары аударылғаны арқылы анықталып отыр. Елбасының биылғы жылы халыққа Жолдауында белгіленген бес бағыттың бірі – Жаңа әлеуметтік саясаттың іске асырылуы бойынша атқарылған жұмыстарды баяндаған басқарма басшысы облыста осы жылы 319 отбасы атаулы әлеуметтік көмек, 65 мыңнан астам отбасы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы алып жатқанын айтты. «Әлеуметтік көмек алушылардың қатарында еңбекке жарамдылар орташа есеппен 24,4 пайызын құрайды. Аз…