Астанада ұлттың рухани жаңаруындағы жастардың рөлі талқыланды
Конференцияға Астанадағы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктер мен елордалық жастар қанатының өкілдері, университет оқытушылары мен студенттері, Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз қызметі қатысты.Конференция Ұлттың «100 нақты қадам» атты төртінші институционалдық реформаның, «Қазақстанды үшінші жаңғырту: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын және Мемлекет басшысының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы модернизациялау» атты бағдарламалық мақаласын одан әрі іске асыру мақсатында өткізіледі.Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысының мақаласының маңыздылығын қазақстандық қоғамды одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды саяси құжат ретінде айқындады.«Президент өзінің жастар туралы айтқан мақаласында ең а…