Перейти к содержимому
Law.and.Order
Law.and.Order

Law.and.Order

Сайтта 2022 ж. 18 сәуірКазахстан

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

671

жазбалар

139

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

0

Мәжіліс депутаттары Астана маңындағы жаңа жылу электр станциясының құрылысын тексерді

Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаттары Мәди Такиев, Павел Казанцев, Дүйсенбай Тұрғанов, Татьяна Савельева, Дәулет Мұқаев және Самат Нұртаза «Оңтүстік-Шығыс» қазандығының газ жылу станциясының құрылысына барды. Бұл нысан «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасын іске асырудың бір бөлігі болып табылады.Қажетті инженерлік инфрақұрылымы бар «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциясының құрылысы 2022 жылы басталды. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылдың соңына дейін «Оңтүстік-Шығыс» мемлекеттік техникалық қызмет пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Елордада салынып жатқан Жылу электр орталығы-3 қосымша қолданыстағы жылу тапшылығын жабуға мүмкіндік беретін үш жаңа газ қазандығының құрылысы жоспарланған. Партия оның сапалы және уақ…

0
0
338

Парламентарийлер бірінші сессияда азаматтардың 7 мыңға жуық өтінішін қараған

Бүгін Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда бірінші сессияның жұмысы қорытындыланды.Ерлан Қошанов Парламенттің осы сессиясы небәрі 100 күнге созылғанына қарамастан, атқарған жұмысы өте маңызды әрі мазмұнды болғанын атап өтті.– Өткен жылы Қазақстан халқы бүкілхалықтық референдумда Президент реформаларын қолдады. Еліміздің жаңарған Конституциясы бүкіл мемлекеттік жүйе бойынша ауқымды өзгерістерге жол ашты. Суперпрезиденттік жүйеден президенттік республика үлгісіне көштік. Парламенттің рөлі мен мәртебесі күшейді. Ел басқару ісіне халықтың атсалысу белсенділігі арта түсті, – деді Е.Қошанов.Сессия барысында Палаталардың 3 бірлескен отырысы, Сенаттың 12 және Мәжілістің 15 жалпы отырысы өтті. Онда 120-дан астам мәселе қаралды. Сондай-…

0
0
411

Ерлан Қошанов: халқымыздың Мағжан мұрасына деген ықыласы еселеп артып келеді

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына арналған салтанатты іс-шараға қатысты.Мерейтойға арналған жиын ақынның туған жері Солтүстік Қазақстан облысы М.Жұмабаев ауданының Сарытомар ауылында өтті. Мәжіліс спикері Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығын жоғары деңгейде атап өтуді тапсырғанына тоқталды.Ерлан Қошанов ақынның жерлестерін мерейтоймен құттықтап, Мемлекет басшысының құттықтау хатын оқып берді.– Мағжан Жұмабаев – қазақтың ғана емес, тұтас түркі жұртының мақтанышы. Ақынның Отанға деген шексіз сүйіспеншілікке толы жырлары халқымыздың жүрегіне жол тауып, руханиятымыздың алтын қорына енді. Мен Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда жастардың бойына ізгі қасиеттерді сіңіру қажеттігіне ерекше тоқталды…

0
0
495

Ерлан Қошанов: жылумен қамтамасыз ету мәселесі депутаттардың ерекше бақылауында болады

Кеше Мәжілістің жалпы отырысына жылумен қамту мәселелері туралы Жоғары аудиторлық палатаның есебін тыңдалды.Мемлекет басшысының 2022 жылғы қарашадағы Жарлығына сәйкес, Жоғары аудиторлық палата төрағасы жылына екі рет Мәжіліс депутаттарына есеп беруге тиіс. Бұл – аталған палатаның алғашқы есебі.Жалпы осы саладағы түйткілді мәселелерді талқылау шамамен үш сағатқа созылды.– Өткен қыста Екібастұзда, Петропавлскіде, Риддерде, Рудныйда тұрғындар жылусыз қалды. Бұл – жылдар бойы қордаланған проблемалардың салдары. Мемлекет басшысы осы мәселелерді үнемі бақылауында ұстап отыр. Үкіметке біраз нақты тапсырма берді. Алайда жылу-энергетика жүйесін толыққанды жаңғырту басталды деп айтуға әлі ерте. Жоғары аудиторлық палатаның есебі де осы саладағы олқылықтарды анық көрсетті, – деді Мәжіліс төрағасы.Мәж…

0
0
399

Т. Серіков Мәжілістің жалпы отырысында онкологиялық аурулармен ауыратын балалар мәселесін көтерді

Депутат Таңсәуле Серіков Мәжілістің жалпы отырысында онкологиялық және онкогемотологиялық аурулармен ауыратын балалар мәселесін көтерді. Т.Серіков депутаттық саулын Премьер-Министрі Әлихан Смаиловқа жолдады.Депутат атап өткендей, казірде мемлекетімізде осы аурумен ауыратын балаларға көмек облыстық және мемлекеттік деңгейде көрсетілуде. Бірақ елімізде бар жоғы 39 маман ғана. Барлық өңірлерді қосқанда 222 орын ғана бар. Бұл теңізге тамған тамшыдай ғана. Жалпы мемлекеттік, республикалық деңгейде екі орталық жұмыс істейді. Олар: Алматы қ. педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы және Астана қ. «University Medical Center» корпоративтік қоры. Бұнда да 139 төсек (оның ішінде күндізгі стационарда 5 төсек) онкологиялық және гематологиялық бейіндегі балаларға арналған. «UMC» КҚ – да онколо…

0
0
368

Депутаттары Теміртауда экология, энергетика және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелерін талқылады

Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті Теміртау қаласында кеңейтілген көшпелі отырыс өткізді. Жиын «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-дағы экологиялық, энергетикалық және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне арналды.Алдымен Мәжіліс депутаттары АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға барып, кәсіпорынның жекелеген объектілерінің жай-күйімен танысты.Іс-шараға Мәжіліс депутаттары, Экология және табиғи ресурстар, Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Төтенше жағдайлар министрліктерінің басшылары мен жергілікті және атқарушы органдардың, металлургия комбинатының, өңірдегі қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.Отырысты ашқан комитет төрағасы Еділ Жаңбыршин бұл тақырыптың кездейсоқ таңдалмағанын айтып, Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдау…

0
0
354

Депутаттар Нұра су құбырын жөндеуді жеделдету мәселесін талқылады

Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаевтың жетекшілігімен Нұра топтық су құбырын жөндеу мәселесіне арналған жиын өтті. Оған құзырлы мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановтың 1 маусымдағы Ақмола облысына жұмыс сапары барысында диқандар осы мәселені көтерген еді. Сусыз отырған өңір халқы Палата спикеріне шағымдарын жеткізді. Осыған байланысты Ерлан Қошанов Мәжілістегі Аграрлық мәселелер комитетіне жағдайды жеке бақылауға алуды тапсырған болатын.Нұра магистральдық су құбыры 1979 жылы пайдалануға берілген. Ол Ақмола облысының Егіндікөл, Атбасар, Қорғалжын, Астрахан және Целиноград аудандарын қамтиды. Құбырдың пайдаланылатын бөлігі – 336 шақырым. Бүгінде оның Егіндікөл, Атбасар, Қорғалжын аудандарына су жеткізетін 34 шақырымы тез арада…

0
0
417

Депутаттар Екібастұзға барып, өңірлердегі жылу энергетикасы мәселелерін талқылады

Екібастұз қаласында орталық атқарушы органдар, әкімдіктер мен энергетика саласындағы компания басшыларының қатысуымен жылу энергетикасы мәселелеріне арналған көшпелі отырыс өтті. Жиынды Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті ұйымдастырды. Депутаттар жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстарымен және қаланың жылу магистральдарын қайта жаңарту жұмыстарымен танысты.Комитет төрағасы Еділ Жаңбыршиннің басшылығымен өткен көшпелі отырыс «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС жылу-энергетикалық орталығын аралаудан басталды. Бүгінде мұнда бір мезгілде бес қазандық агрегатына күрделі жөндеу жүргізілуде. Жылыту маусымы басталғанға дейін багер сорғыларына, құбырларға және басқа да жабдықтарға күрделі жөндеу жүргізу қажет. Депутаттар мен қоғам белсенділері кемшіліктерге тоқталып, ЖЭО басшы…

0
0
398

ТүркПА деңгейінде көші-қон мәселелері бойынша өзара іс-қимылды күшейту қажет — Қошанов

Бүгін Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов тамырлас Түркия елінің астанасында өткен «Әділетті әлем үшін парламенттік дипломатия: энергетика, көші-қон, азық-түлік» тақырыбындағы Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының ХІІ пленарлық отырысына қатысты.Алдымен ұйымға мүше елдер Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Түркия Парламенті жетекшілері ТүркПАның Кеңесі отырысында бас қосты. Мәжіліс спикері Түркия тарапына қонақжайлық танытып, бүгінгі іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін ризашылық білдірді.Биыл Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясына 15 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде біраз шаруа атқарылды. Ассамблея әлеуеті мол бірлестік екенін дәлелдеп келеді.Кеңес отырысында Ассамблеяның жұмысын одан әрі жандандыру үшін бірқатар ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды.…

0
0
1432

Мәжіліс Спикері «Шеврон» жұмысындағы отандық үлесті арттыруға шақырды

Тараптар компания жұмысындағы отандық үлесті арттыру және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жөнінде пікір алмасты.Мәжіліс спикері корпорация басшылығын Қазақстандағы қызметінің 30 жылдығымен құттықтап, «Шеврон» еліміздегі ірі шетелдік инвестор екенін атап өтті.Ерлан Қошанов Қазақстан Президентінің, Үкімет пен Парламенттің басты міндеті – ұлттық мүдделердің сақталуын ескере отырып, шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау екенін айтты. Осыған байланысты «Шеврон» компаниясына бірқатар ұсыныс берді. Атап айтқанда, атмосфераға тарайтын зиянды қалдықтарды азайту, мұнай химиясын дамыту, мұнай мен газ өңдеуді күшейту.– Қазақстандық үлесті арттыруға баса назар аударып, жергілікті өнімді сатып алу маңызды. Жергілікті сервистік компанияларды тарту керек. Біздің елімізде дамыған және бәсекеге…

0
0
529