Р. Жошыбаев: Бүгінде 26 мемлекет «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатындықтарын ресми растады
Бүгінгі таңда 26 ел өздерінің «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысатындықтарын ресми растады, деді Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев Астана экономикалық форумының аясында өткен «ЭКСПО-2017» - тұрақты даму энергиясы» атты конференция барысында. «Тұрақты дамудың энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану проблемасын шешудің басты үлесі әрине, 2017 жылы Астанада ЭКСПО көрмесін өткізу болып табылады. Көрме Орталық Азия мен ТМД аймағында алғаш рет өтеді және баламалы, жаңғыртылатын энергетиканы пайдаланудың дайындық жұмыстарына мықты, тың серпін беріп, ең үздік деген әлемдік технологиялардың таныстырылымын жасайтын алаң ұсынады, энергетикалық жағынан тиімді бағдарламалардың қолданысқа енуіне ықпал етеді»,-деді Сыртқы істер министрінің бірінші орынб…