Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайыновтың Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауын бақылау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының басшысы Корнелия Йонкермен кездесуі
Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайыновтың Астана қаласындағы республикалық штабында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов Қазақстан Республикасындағы кезектен тыс президент сайлауын бақылау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының басшысы Корнелия Йонкермен кездесті. Кездесу барысында ҚР Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов ЕҚЫҰ өкілдерін республикалық штабтың жұмысымен таныстырып, Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретіндегі болашақ жоспары жайында әңгімелеп берді. «Бүгінге дейін 5 аймақты аралап, Астана қаласында бірнеше кездесу өткізіп үлгердік. Жалпы алғанда, сайлаушылармен 12 кездесу өткізіп, онда сайлауалды бағдарламаммен таныстырдым, сайлаушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап бердім», – деді Ә.Құсайынов. Сонымен қ…
