Аудандық мәслихат депутаты Б.Кұрымбай Ақсу аудандық аурухана ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі жолдауында жан-жақты көтерілген мәселелер бойынша түсіндіріп, айтып өтті. Соның ішінде мемлекетіміздегі денсаулық саласы бойынша мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың - сөзін айтта өтті. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілді. Дегенмен, оның жағдайы әлі де мәз емес. Әрине, жылдар бойы қордаланған түйткілдер бір мезетте шешілмейді. Сондықтан, аса маңызды мәселелерді ретке келтіруге баса мән берген жөн. Соның бірі – қаржыландыру жүйесі. Осы салаға қаржының жеткілікті бөлінбеуі қалыпты жағдайға айналған. Соның кесірінен, жұрт сақтандыру жүйесіне қосылса да, медициналық қызмет толық көлемде көрсетілмей отыр. Бүгінде медициналық көмек мемлекет кепілдік бер…