Жастар – қай кезде де, қай қоғамда да аса белсенді буын.
Бүгінгі Тәуелсіз елімізде жастардың жасампаздық рухы тіпті тасқындай түсуде, ол – мемлекетіміздің жастар саясатындағы ұстанған дұрыс бағытының бұлжымас дәлелі.Дегенмен, жастардың арасында шешімін таппай жүрген көптеген мәселе бар. Тізбектей жөнелсек, жұмыссыздық, шаңырақ шайқалуы, вандализм, тағысын тағылар. Осындай ауқымды мәселелерді «Nur Otan» партиясы Талғар аудандық филиалы мен аудандық жастар ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен өткен онлайн жиында талқыланды. Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері жастарға ақыл-кеңес беріп, мәселелерді шешуге негіз болатын ойлар айтты. - Жастардың арасындағы көп мәселені шығу төркіні бір. Абай ақын: «Тамағы тоқтық, уайымы жоқтық аздырар адам баласын» деген еді. Жастар жалқаулықты серік етпеу керек. Еріншектік жарқын болашақтың басты жауы. Кей жас…





