Мазмұнға өту
altynsaryn_obzhk_qst
altynsaryn_obzhk_qst

Алтынсарин атындағы ОБЖК

@altynsaryn_obzhk_qst

Сайтта 2014 ж. 12 мамырКазахстан, Костанай

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

111

жазбалар

4 791

пікірлер

140

тіркелуші

30

жазылымдар

2

Әділ патша

Бұл кітапта балаға жауапкершілік, даналық, әділдік, мейірім сияқты көптеген қасиеттерді дарытатын қазақ ертегілері іріктеп алынған. Әр ғасырдағы халықтың туындыларды өңдеуден өткізіп, тілі жеңілдетілген. Кітапқа төрт ертегі жинақталған. Ертегілердің әрбірі арнайы салынған суреттермен көркемделген.

0
0
516

Пошташы бізге не әкелді? (бейне ақпарат)

Кіші жастағы оқырмандарға біздің кітапханамыз мерзімдік балаларға арналған басылымдардан ай сайын бейне ақпарат жолдайды. Бүгінгі ұсынылып отырған бейнеақпаратымызда «Бала би» атты балалар журналы. Журналдан қызықтырған ақпарат көздері болса бізге келіп, сол басылымдарды сұраңыздар.

0
0
402

«Отанының ұлы перзенті» тұлға сағаты. «Отечества великий сын» час личности

Мұхтар Әуезовтің есімі Қазақстаннан тыс жерлерде де танымал екені мәлім. Оның шығармашылығынаоқырмандар мен әдебиеттанушылар жоғары баға берген. 1 желтоқсанда Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай №3 мектеп-гимназиясының9, 10, 11 сынып оқушыларына арналған «Отанының ұлы перзенті» атты іс-шара өткізілді. Кездесуде балалар «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша кілт сөздер жиынтығынқұрастырды, онда балалар қазақ халқы, Абай, тұрмыс, әжесі Зере және басқа да сөздерді айтты. Адасқан өлең жолдарынанҚасым Аманжоловтың Әуезовке арналған "Мұхтар аға" өлеңінжинақтады. Балалар талқылауға белсенді атсалысып, жақсы көңіл-күймен тарқасты.Іс-шарада Әуезов туралы бейнеролик пайдаланылды, оны осы жерден көре аласыздар.Имя Мухтара Ауэзова знакомо далеко за пределами Казахстана. Его творчество ценят читатели и л…

0
0
625

Дана басшы – мықты ел. Мудрый руководитель - сильная страна

Өз елінің көшбасшысы қалай болуға болады? Халықтың өмірін жақсарту, бүкіл елдің өркендеуі үшін қандай бағдарламалар қабылдау керек? Бұл туралы № 14 орта мектептің 7-сынып оқушылары кездесуде білді. Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шарада Қазақстанның жетістіктері, мысалы: Семей ядролық полигонының жабылуы, ЭКСПО-2017 өткізу және басқа да маңызды оқиғалар туралы айтылды.Балаларға Президенттікке үміткер ретінде өздерін сынап көру және елдегі өмірді жақсарту бойынша өз бағдарламаларын ойлап табу ұсынылды. Білім беру және денсаулық сақтау мәселелері, экологиялық мәселелер сияқты өзекті тақырыптар қозғалды.Балалар тақырыптарды ықыласпен талқылады, қызықты ұсыныстар айтты, әрине, кейбір балалардың көшбасшылық қасиеттері бірден байқалды.***Как быть лидером свой страны? Какие программы стоит п…

0
1
846

"Құлагер" поэмасы: подкаст

Құрметті оқырмандар, сіздердің назарларыңызға Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» позмасына 85 жыл толуына орай подкастін ұсынамыз. Өскелең ұрпаққа шығарманың ақын өміріндегі драмалық эпизод – сүйікті тұлпарының өлімі туралы екендігі туралы түсіндіру. Поэма ұлттық әдебиеттегі ең трагедиялық шығармаларының біріне айналғандығы туралы мағұлыматтар беру.

0
0
737

Бурабай аңызы 3D

Солтүстік Қазақстанның хош иісті бетеге мен ащы жусанның иісі аңқыған кең даласының ортасында көркемдігіне тіл жетпейтін ғажайып табиғи өлке орналасқан. Бұл өлкеде қарағайлы ормандар мен сан алуан пішінді таулар, етегінде шипалы салқын суы бар інжу-маржан көлдер шашырай орналасқан. Осынау сұлулығымен тамсандыратын өлкенің атауы – Бурабай.

0
0
606

Ертегі кейіпкерлерінің энциклопедиясы: Таусоғар

Қазақ мифологиялық ертегілері мен ежелгі эпос кейіпкерлерінің бірі – Таусоғар. Таусоғардың азан шақырып қойылған аты – Дәукен. Оның әке-шешесі қарапайым адамдар болған. Уақыт өте келе Таусоғардың анасы киім тігіп, әкесі бесік жасап шаршапты. Себебі тігіп берген киімі ертеңінде симай қалады екен. Таусоғардың бойы ұзын, күші көп азамат болып өседі. Күші соншалықты көп, үлкен тауды да көтеріп алады екен.

0
0
1089

Назар аударыңыз!

«Сказки деда Даута» Алия Беркимбаева Далекое от нас босоногое детство в маленьком ауле, затерявшемся где-то в бескрайних казахских степях, с поиском клада, чудесным спасением от змеи и верной мальчишеской дружбой… В переживаниях мальчика, детство которого пришлось на тяжелое послевоенное время, эти события описаны ярко и образно, с ощущением радости жизни, несмотря на суровую действительность. «Сказки деда Даута» – это прекрасный ковер, сотканный из детских воспоминаний, в который яркими цветистыми нитями вплетены волшебные сказки. А вместе они составляют замечательную, глубокую, интересную детскую книгу.«Әділ памша» Отбасы ертегілері«Ең үздік ертегіші»Асхат ӨмірбаевБалалар әдебиетімен таныстыруымызды жалғастырамыз. Келесі кітабымыз Асхат Өмірбаевтың «Ең үздік ертегіші» деп аталады.Бұл кі…

0
0
471

Әдеби бағдарлама: Қасым кітапханасы сериясының кітаптар топтамасы

Сіздердің назарларыңызға Қарағанды қаласының «Қасым баспа үйінен» шығарылған Қасым кітапханасы топтамасын ұсынатын боламыз. Бұл кітаптардың ерекшелігі бір кітап 1 шығармадан тұрады. Жалпы қалтаға, шағын сөмкеге салып жүруге өте ыңғайлы. Біздің кітапханамызға Б. Соқпақбаевтың, А Сүлейменовтің, Д. Исабековтің, Б. Момышұлының танымал шығармалары келіп түсті. Сондай-ақ, танымал әлем жазушыларының шығармаларының аудармалары да бар. Мысалы, Ш. Айтматов, Л. Толстой, И. Тургеновтің шығармалары. Қазақ тілді оқырмандар үшін әлем әдебиетінің классиктерінің шығармаларымен танысуға үлкен мүмкіндік. Кітапханаға келіп, тасыңыздар, оқыңыздар.

0
0
572

Кәсіби мамандардың диалогы

22 қарашада Қостанай облысының балалар кітапханаларының мамандары үшін Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Кітапханашының құзыреттілігі және кітапхана имиджінің құрамдас бөліктері» атты семинар өтті. Бүгінгі таңда идеалды кітапханашы - ой өрісі кең, коммуникативті қабілеттері мен шығармашылығы бар жан-жақты дамыған тұлға. Мұның барлығы заманауи кітапхана мамандарынан қосымша кәсіби шеберлікті қажет етеді. Семинар жұмысы кітапханашының негізгі кәсіби құзыреттіліктері туралы әңгімеден басталды: жобалау, аналитикалық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық және т. б. Қазіргі кітапханашының дағдылары және оларды «Soft skills» анықтамасы тұрғысынан дамыту жолдары сияқты тақырыптар қарастырылды. Санкт-Петербург мемлекеттік зағиптар мен нашар көретіндерге арналға…

0
0
432