Мазмұнға өту
altynsaryn_obzhk_qst
altynsaryn_obzhk_qst

Алтынсарин атындағы ОБЖК

@altynsaryn_obzhk_qst

Сайтта 2014 ж. 12 мамырКазахстан, Костанай

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

111

жазбалар

4 813

пікірлер

140

тіркелуші

30

жазылымдар

2

«Біздің отбасымызда жәдігер бар ма?»

Әр отбасында отбасылық мұрағат болуы мүмкін, ол кішкентай, бірақ ондағы заттар сіз үшін өте қымбат, отбасына жақын, жіп ретінде бізді өткенмен байланыстырады және тамырларын ұмытып кетуге мүмкіндік бермейді. Отбасылық жәдігерлер - хаттар, марапаттар, кітаптар, фотосуреттер, белгішелер, зергерлік бұйымдар т.б. мұрагерлік, қарапайым, тек сіздің отбасыңыз үшін ерекше құнды заттар.... Біз оларды ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, құрметтейміз және сақтаймыз. Бұл тізбекті үзуге болмайды!«Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар Кеңесі және Ы.Алтынсарин атындағы Балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық кітапханасымен бірлесіп өскелең ұрпақты мәдени-әлеуметтік нормаларына, отбасының, қоғамның, мемле…

0
0
516

Әжемнің ертегілері: Қарлығаш пен дәуіт

Көпшілігімізге таныс бұл ертегіде Қарлығаш балапандарын жыланнан құтқару үшін жанұшыра көкек досынан, қарға досынан көмек сұрайды. Бірақ олар өз шаруаларын айтып, көмекке келмейді. Ал Дәуіт болса балапандарға жақындап қалған жыланның көзін шоқып алып, қарлығаштың балалапандарын құтқарып қалады. «Досыңды қиналғанда бір сына, қуанғанда бір сына», - демекші ертегі қиын кезде достың қандай болатынын көрсетеді.

0
0
594

Ы. Алтынсарин тағылымы - білім тұмары

«Ы. Алтынсарин тағылымы - білім тұмары» республикалық онлайн — акциясы аясында Шығыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Кел, балалар, оқылық» атты әдеби челленджі басталды. Ұлы ағартушының есімі берілген кітапхана бірінші болып челленджді бастау құрметіне ие болды, оны Ақтөбе қаласындағы Н.Байғанин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы жалғастырды.Іс-шараның мақсаты - көрнекті педагог Ыбырай Алтынсариннің мұрасын болашақ ұрпаққа дәріптеу, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана сезімдерін қалыптастыру.Іс-шараға Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған интернаттың 9-11 сынып оқушылары Ыбырай Алтынсариннің өмірбаянымен және оның шығармашылығымен танысты. Мақсат Заитов, Анель Кенжекеева, Абдуллин Аманат, Әлі…

0
0
328

Әжемнің ертегілері: Ханнан озған қара

Ертегі алыс сапарға шыққан хан мен уәзірлері және қой бағып жүрген қойшы жайында. Жолдың алыстығынан хан мен уәзірлері шаршап, шөлдеп су іздеп жүргенде қойшыға тап болады. Олар қарапайым қойшыны менсінбей оған күш көрсетіп, «су қайда» деп зіркілдеп бас салады. Ал қойшы болса, өз ақылдылығымен әр сұраққа сөз тауып мәнді, мазмұнды жауап қайтарады. Бірақ оның сөзін: «сөз ұқпайтын хан уәзірлері» түк түсінбей ханға алып келеді. Ал хан болса оның сұрап алған сөзін мұқият тыңдап, қойшының ақылдылығымен, сөзге шебер екендігін көріп: «Сөз тапқанға қолқа жоқ», - деп оны босатады. Бірақ хан одан: «бізге судың жөнін айтшы деп», - сұрайды. Ал қойшы болса оған: «Қос өзеннің арнасы көз алдыңызда көрініп тұр, оны көрмей келе жатырсыздар, келешекте қалай жол тауып, қол бастайсыз», деп жауап беріпті.

0
0
543

Әдеби бағдарлама: Заря Жұманова "Ақбота"

Құрметті тындармандар, сіздерді балалар кітапханасынын көркем әдебиеттер бөлімінде орналасқан «Отбасымызбен бірге оқимыз» атты кітап көрмесімен таныстырғым келіп отыр. Көрмеге жасөспірімдерге және отбасымен бірге оқуға арналған кітаптар жиналған. Шығармалардың авторлары Қазақстан Республикасының Жазушылар одағының мүшелері және танымал еуропалық жазушылардың туындылары топтастырылған. Кітап көрмесінен сіздердің назарыңызға белгілі қаламгер Заря Жұманованың «Ақбота» кітабымен таныстырғым келіп отыр. Бұл кітап балалар мен жасөспірімдерге арналған ертегілер, мысалдар, әңгімелер және хикаялар жиналған. Кітап 2019 жылы, Алматы қаласы, «Дәуір» баспасымен басылып шыққан. Бұл кітапқа енген шығармалар өскелең ұрпақ тақырыбына байланысты. Жасөспірімдердің өмірі, арман – тілегі кітаптың өңбойында тұ…

1
0
620

Әжемнің ертегілері: Еңбектің рақаты

Ертегі жалқау, еріншек жігіттің түк істемей «Қалай бай боламын?» деген қиялдауынан басталады. Бірақ оның жолында бұл сұраққа жауап болар көптеген іс әрекеттер мен оқиғалар болады. «Береке» тауынан тапқан байлығы мен бақыты не екенін білгің келсе ертегімізді соңына дейін тыңдауға шақырамыз.

0
0
312

Әжемнің ертегілері: Мысық тышқан мен торғайға неге өш

Ертегі тақырыбы айтып тұрғандай мысықтың не үшін тышқан мен торғайға өш екенін және мысық қалай адамның жақын досына айналғаны жайында... Сондай-ақ ертегі жақсылық жасағандарға жамандық жасау дұрыс еместігін балаларға жақсы түсіндіреді.

0
0
499

Ойла: Ұлы дала тұлғаларының даналық сөздері

Сіздердің назарларыңызға жаңа кітаптар топтамасынан ҰЛЫ ДАЛА ТҰЛҒАЛАРЫНЫҢ ДАНАЛЫҚ СӨЗДЕРІ: Цитаталар жинағы, - деп аталатын кітаппен таныстырғым келіп отыр. Кітап Алматы қаласының «Ел-шежіре» коғамдық қоры баспасында, 2020 жылы шыққан. Таралымы 3000 дана.

Бұл кітапта көне заманнан қазіргі кезеңге дейінгі еліміздің аса белгілі тарихи тұлғаларының, оның ішінде ойшылдардың, би- шешендердің, ақын-жазушылардың, ғалымдардың, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің еңбектерінен іріктелінген нақыл сөздер беріліп отыр.

Кітап әдебиеттанушыларға, мәдениеттанушыларға, журналистерге, саясаткерлерге, сондай-ақ қазақ мәдениеті мен тарихына үлкен қызығушылығы бар барша оқырман қауымға арналады.

0
0
411