Сайлауалды штабының алғашқы отырысы
«Nur Otan» партиясы Бөрлі аудандық филиалы жанынан аудандық сайлауалды штабы өз жұмысын бастап, сонымен қоса филиал ғимаратында қоғамдық қабылдау бөлмесінің ашылу салтанаты өтті.
Штаб құрамында аудан тұрғындары арасында лайықты беделге ие мәдениет, білім, медицина, бизнес және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері бар.
Ашылу салтанатында «Nur Otan» партиясы Бөрлі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Малика Махауова алғы сөз алып, партия атынан ұсынылған кандидаттарды қолдау бойынша жүзеге асырылатын жұмыстарды атап өтті. Өз кезегінде сөз алған штаб мүшелері ел мүддесі үшін өткізілгелі тұрған сайлаудың маңыздылығын айта келіп, басталған іске сәттілік тіледі.