Маңғыстауда «Таза Маңғыстау» экочелленджі қорытындыланды
15 желтоқсан күні «Таза Маңғыстау» 45 күндік әлеуметтік-экологиялық челленджінің салтанатты жабылу рәсімі өтті. Іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысып, қатысушыларды құттықтады. Челлендж Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында ұйымдастырылып, өңір тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттыруға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталды. Салтанатты шара барысында облыс әкімі экологиялық жауапкершіліктің маңыздылығына тоқталып, тұрғындардың белсенділігін ерекше атап өтті.









